Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Меншік құқығына ие болудың туынды әдістері



бет37/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Меншік құқығына ие болудың туынды әдістері:

  • меншік құқығын сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге де мәміленің негізінде алу (АК 235-б. 2-т.);

  • өсиетке не заңға сәйкес мұрагерлік бойынша меншік құқығын алу (АК 235-б. 2-т.);

  • заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығын алу (АК 235-б. 2-т.);

  • тұрғын үй, тұрғын үй құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге кооператив мүшелерінің тиісті тұрғын жайға үлестік жарнасының толық сомасын төлегеннен кейін меншік құқығын алу (АК 235-б. 4-т.).

7. Меншік құқығының пайда болу сәті.
Меншік құқығының пайда болу сәтін анықтаудың бірқатар практикалық маңыздылығы бар. Біріншіден, меншік құқығы ауысқан сәттен бастап мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше белгіленбесе, мүлікті алушыға ауысады (АК 190-б. 1-т.). Екіншіден, меншік иесі, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзіне тиесілі мүлікті күтіп ұстау ауырпалығын көтереді және біржақты тәртіппен мұндай ауырпалықты үшінші жаққа ауыстыра алмайды (АК 189-б.). Үшіншіден, жалпы ереже бойынша мүлікпен үшінші тұлғаларға келтірілген зиян меншік иесімен өтеледі.
Шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болады (АК 238-б. 1-т.). Заттардың берілуі деп заттардың алушыға тапсырылуы, сол сияқты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айырылған заттарды жеткізіп беру міндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізуі танылады. Затқа коносамент немесе өзге де өкімші құжатты беру заттарды беруге теңестіріледі (АК 239-б.).
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншік құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттың куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады (АК 238-б. 2-т.).
Меншік құқығы шарт негізінде емес, өзге негіздерде туындайтын жағдайларда, меншік құқығының пайда болц сәті нақты жағдайларды ескере отырып анықталуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет