Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Міндеттемені орындау әдісі



бет45/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150
Міндеттемені орындау әдісі – бұл міндеттемені орындау бойынша, борышқормен әрекеттер жасау тәртібі. Айталық, міндеттеме бүкіл ақша сомасын бір рет төлеумен, не несие шарты бойынша мерзімді төлемдермен орындалуы мүмкін. Орындау әдісі әдетте нақты шарт ережелерімен немесе жекелеген шерт түрлерін реттейтін заңдармен анықталады. Бірақ орындау әдісіне қатысты бірқатар ережелер бар. Мысалы, АК 274-бабына сәйкес «егер міндеттеме шартарында, заңдарда өзгеше белгіленбесе немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немсе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы».
Жалпы ереже бойынша міндеттемені орындау толығымен жүргізілуі тиіс, бөлшектеп орындауды қабылдау несие берушінің міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірқатар жағдайларда бөлшектеп орындау міндетеме мәнінен туындайды, мысалы, бөліп-бөліп төлеумен тауарды кредитке сату. Сондай-ақ міндеттеме мәнінен міндеттеменің бөлшектеп орындалуы мүмкін еместігі шығуы мүмкін, мысалы, орындау нысанасы бөлінбейтін зат болса (АК 120-бап). Борышқор міндеттемені әдетте тікелей несие берушіге орындайды. Бірақ бірқатар жағдайларда бұл мүмкін емес. Ақшалай міндеттемелер бойынша немесе бағалы қағаздарды беру бойынша, борышқорға белгілі бір жағдайларда міндеттемені орындау үшін өзінен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал ал бағалы қағаздарды- нотариустың атына сақтау шартарында, ал заң құжаттарымен белгіленген жағдайларда – соттың атына орналастыруға құқық берілген. Борышқорда мұндай құқық, егер міндеттеме төмендегілер бойынша орындала алмаса, болады:

    • міндеттеме орындалуы тиіс жерде несие берушінің немесе онымен уәкілдік етілген тұлғаның болмауы;

    • несие берушінің әрекет қабілетсіздігі және оның өкілінің болмауы;

    • міндеттеме бойынша кім несие беруші екендігі жөнінде айқындылықтың болмауы, айталық, бұл жөнінде несие беруші мен басқа тұлғалар арасында даудың болуына байланысты;

    • несие берушінің орындауды қабылдаудан жалтаруы немесе оның тарапынан өзге мерзімін өткізіп лушылық салдарынан (АК 291-б. 1-т.). Бұл тізім шектеулі болып табылады және шартпен кеңейтіле алмайды.

Ақша сомасын немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарында салу немесе нотариустың немесе сотың атына сақтау міндеттеменің орындалғаны болып есептеледі. Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған ноиариус немесе сот бұл туралы несие берушілерге хабарлайды(291-б. 2-т.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет