Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
8. Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы Меншік құқығының тоқтатылуы заңдармен белгіленген заңды фактілер орын алған ретте болады. Меншік құқығының тоқтатылу негіздерінің түрлері:
меншік иесінің еркі бойынша меншік құқығының тоқтатылуы: 1)өзінің мүлкін басқа тұлғаларға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту және т.с.с. шарттар бойынша иеліктен шығару; 2)меншік құқығынан бас тарту (АК 250-бап). Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтауға әкеп соқтырмайды.
меншік құқығының мәжбүрлі тоқтатылуы. Ол ақысыз және ақылы болып бөлінеді. 1) ақысыз тоқтатылу негіздері:
тәркілеу – заң құжаттарында көзделген реттерде мүліктің меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы (АК 254-б.);
меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу (АК 251-б.);
2)мәжбүрлі ақылы тоқтатылу нездері:
заң құжаттарына сәйкес тұлғаға тиесілі бола алмайтын мүлікті иеліктен шығару (АК 252-б.);
реквизиция (АК 253-б.) - дүлей апаттар, авариялар, аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң құжаттарында белгленген тәртіп пен жағдайларда мүліктің меншік иесінен оған осы мүліктің құны төлене отырып мәжбүрлі алынуы;
жерді және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы (АК 255-бап);