Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Айырбас шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері



бет60/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

2. Айырбас шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын
затының сатып алушысы болып келеді. Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді. Сондықтан айырбас шартында бір тараптың екіншісіне қарағанда құқығынан міндетінің көп болуына шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас қатынастарының түпкі негізіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Айырбас қатынасының мәнісі, яғни бір тауардың орнына өзгесі берілуінің талабы мызғымас болып келеді.
Шарттың әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын
берумен және қарсы қанағаттануды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын тауардың саны, сапасы, түр-түрі және де жиынтылығы туралы жағдайлар сатып алу- сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Егер шарт кәсіпкерлік болса, онда тараптар оған өнім тапсыру туралы ереже қолданылатынын қарастыруы мүмкін. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда бағасы айырбастауға берілетін тауардың бағасынан кем тауарды беруге міндеттенген тарап, тауар беру міндетін орындауға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы төлеуге тиіс. Азамат жер учаскесі мемлекеттік өажеттілігіне алынуына байланысты өз тұрғын үйін бұзуға берген кезде сол азаматқа ерекшелік жасалады. Егер тұрғын үй орнына берілген үйдің құны алғышқысынан қымбат болса, оның бағасының айырмасы меншік иесінен алынбайды.
Тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті.
Түсініспеушіліктер туындағанда ҚР АК 286- бабының ережелерін қолдану керек, қарсы міндеттемелер бір мезгілде орындалуы тиіс деп танылады. Міндеттемелердің орындалу мерзімі әдет-ғұрыптармен заңнамада немесе шартта тікелей көрсетілсе, олар әр түрлі мерзімдерде орындалады.
Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары) олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орынағаннан кейін пайда болады. Бұл норма диспозитивті және тараптармен өзгертілуі мүмкін, сонымен бірге тауар өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ бүінуі немесе жойылуы қаупі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін.
Егер заңнамамен немес шартпен өзгеше көзделмесе айырбас шартында әрбір тарап үшінші тұлғалардың кез келген құқықтарынан тыс тауарды беруге міндетті. Осы міндетті орындамаған жағдайда бір тарап екінші тарапқа тауарды қайтаруға міндетті. Тауарды өз күйінде қайтару мүмкін болмаса, оның құнын қайтаруы тиіс. Бұл шараны қолдану мүдделері бұзылған тараптың қарауына байланысты болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет