Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
3. Сыйға тарту шартының ұғымы және тараптары. Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, немесе оны өзінің үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді (506 б).
Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастарды (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезінде маңызды болады. Қазіргі жағайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы, азық-түлік, киім-кешек. Білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі. Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.
ҚР АК бір уақтылы кәсіпкерлік сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренішсіз болып көрінеді.
Ал, егер сауда-саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталшсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрінер еді.
Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, онда ол конденсуалды болып табылады. әлдекімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдындағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды (ҚР АК 506-б. 2-тармағы).
Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берілетін немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетін болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.
Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлікті беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М:В.Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады.
Сый алушыға басқа да мұліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін. Сыйға тарту шарты бір жақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады.
Сыйға тарту шартының тараптары:
Сыйға тартушы