Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Айырбас шарты. Сыйға тарту шарты



бет59/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

Айырбас шарты. Сыйға тарту шарты.

1.Айырбас шартының ұғымы және мазмұны.


2.Айырбас шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
3.Сыйға тарту шартының ұғымы және тараптары.
4.Сыйға тарту шартының нысаны, сыйға тарту шарты бойынша жауапкершілік.


1. Айырбас шартының ұғымы және мазмұны.
Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (бұл ҚР АК 501 бабының тұжырымдамасы). Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір тауарды, басқа тауарға айырбасқа беруге міндеттенеді.
Айырбас шартына сатып-алу, сату шартының жалпы ережелері қолданылады, бірақ айырбас шартының сатып алу, сату шартына қарағанда мынандай ерекшеліктері бар:

  1. Айырбас шартында екі тарап та бір мезгілде сатушы да сатып алушы да болып есептеледі.

  2. Әр тарап айырбас шартында, ақша емес, тауар алады.

Шарттың тараптары: азаматтар, заңды тұлғалар. Шарт тараптарының арнайы аты жоқ.
Айырбас шарты бойынша әр тараптың меншік құқығы тауарды беру міндеттемесі орындалған кезден бастап пайда болады.
Қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана пайда болады.
Айырбасталған тауарға үшінші тұлғалардщың құқығы болмауы керек. Егер бұл ереже сақталмаса, кінәлі тарап, келтірілген шығынды өтеп қана
қоймай, алынған тауарды қайтаруға тиіс.
Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес консенсуалды, өзара
және өтеулі шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауарға айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа айырбастағанда орын алады, әсіресе егер бір тарап екінші тарап одан белгілі бір затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса. Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онды мердігерлік қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшелігін, туындайтын міндеттемелердің мәнісін ескеру керек. Айырбас қатынастарына – бір тауармен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады.
Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондқтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келеді.
Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелігі, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністердің осы шарттары жасау мүмкіншілігі өте төмен болып келеді. Бұл жерде мәселе азаматтардың меншігіндегі тұрғын үйлерді, жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне алу жағдайына қатысты көтеріледі.
Айырбас шартының бағасы тараптардың әрқайсысы беретін мүліктің құнымен анықталады. Жалпы ерекше сәйкес, айырбасталатын мүліктің құны тең деп танылады. Айырбасталатын мүліктің құнының айқын теңсіздігі орын алса ғана теңсіз айырбас туралы айтуға болады. Мәміле нотариатты рәсімделетін болса, онда бұл жағдай нотариатта мәміленің жарамдылығы жөнінде белгілі бір күдік тудыруы қажет.
Заттар бағасының бір-бірінен елеулі айырмашылығы болса, парасат ойға негізделсек, осыған қатысты келіспеушілікті құқығы бұзылатын тарап айтуы керек. Ал, айырбасталатын мүліктің бағасының айырмашылығы аз болса, заттардың құнының теңдігі туралы презумпцияны өолдану керек (ҚР АК 502 бап 1-тармақ). Айырбас шарты бойынша бағасы ақшалай көрсетілмеуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет