Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет82/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150
Заем нысанасын қайтару.
Заемшы шартта көзделген тәртіппен және мерзімде заем нысанасын қайтаруға міндетті.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, заем нысанасы оны заем берушіге берген немесе оның банктегі шотына тиісті ақша есептелген кезде қайтарылды деп есептеледі.
Егер заем нысанасын қайтару мерзімі шартта белгіленбесе, оны заемшы ол туралы заем беруші талап еткен күннен бастап 30 күн ішінде қайтаруы тиіс.
Сый ақы төлеу туралы шартсыз берілген заем нысанасы мерзімінен бұрын қайтарылуы мүмкін. Заем берушінің келісімімен заемшының міндеттемелері: ақша заемы шарты бойынша борыш есебінен тектік белгілерімен айқындалған заттарды қабылдаумен заттар заемы шартты бойынша-борыштың есебіне ақша қабылдаумен орындалуы мүмкін.


Заем шартында міндеттемені жаңалау.
Сатып алу – сату, мүлікті жалға алу немесе өзге негіздегі мәмілелерден пайда болған кез келген міндеттеме тараптардың келісімі бойынша заем шартымен ресімделуі мүмкін.


Мемлекеттік заем шартының жасау жолдары.
1. Заем алушының (мемлекеттің) шығарған мемлекеттік облигациялары.
2. Заем берушінің заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгіленген сыйақыны немесе өзге де мүліктік құқықтарды осы заемды айналымға шығару шарттарында козделген мерзімде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды алу жолымен жасалады.
Банк заемы шарты.
Банк заемы шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді:
Банк заемы шартының ерекшеліктері:

  1. Заем беруші ақша нысанында заем беруге ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға болады.

  2. Шарттың нысанасы алдағы уақытта берілуі мүмкін ақша болып табылады: егер шартта өзгеше көзделмесе, оның жасалған кезінен бастап күшіне енді деп есептеледі.

  3. Шарт жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша түрді сақтамау банк заемы шартының жарамсыздығына әкеп соғады т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет