Экспедиторға берілетін құжаттар мен басқа да ақпарат. Жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасмалдау ережелері туралы құжаттарды, сондай-ақ экспедитордың шартта қөзделген міндеттерді орындауына қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті.
Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға міндетті қажетті ақпаратты бермеген жағдайда тибеті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы.
Экспедитордың міндеттерін үшінші тұлғаның атқаруы. Егер экспедиция шарттынан экспедитрдың өз міндеттерін жеке өзінің атқаруы міндеті туындамаса. Экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы.
Міндеттеменің орындауын үшінші тұлғаға жүктеу экспедиторы шарттың орындалуы үшін клиенттің алдындағы жауаптылықтан босатпайды.
Ұстап қалу құқығы. Экспедитор жүкті тек оның экспедициялық қызмет көрсетулері үшін алуы тиіс сыйақсының төленбеуіне байланысты ғана ұстап қалуға құқылы.
Экспедитордың жауапкершілігі. Егер экспедитор міндетті бұзу тасмалдау шарттарының тиісті дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың жүк жөнелтуші (алушы) алдыңдағы жауаптылығы да экспедитодың алдында тиісті тасымалдаушы жауап беретін ережелермен белгіленеді.
Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
Тасымалдаудың шартының жалпы ережелері.
Жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау.
Көлік экспедициясы шарты.
Заем шарты. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру(факторинг). Банктік қызмет көрсету.
Заем шартының ұғымы және нысаны.
Факторинг шартының жалпы ерекшеліктері.
Банктік шот шартының ұғымы, шарт бойынша банк орындайтын операциялар.