Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет86/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150
1. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) екінші тарапқа (сақтандырушы) сақтандыру сыйақысын төлеуге, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы орнаған кезде сақтанушыға немесе шартта көрсетілген басқа тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру өтемін беруге міндеттенеді (АК 803 б.). Арнайы лицензиясы бар заңды тұлға сақтандырушы бола алады. Сақтандырушы ұйымдарға қызметтің басқа түрімен айналысуға әдетте рұқсат берілмейді. Шарт жазбаша түрде ортақ құжат жасау немесе типтік жағдайларға сақтанушының қосылуы және полис беру нысанасында жасалады. Бас полис жағдайында сақтандырылған мүлік (тауар, жүк) ауысып отырады (АК 826-3 б.). Сақтандырушы сақтандыру ережелерін қабылдайды және ол ережелер шартпен бірге қолданылады.
Сақтандыру қатынастарының негізгі ұғымдары:
1.Сақтандыру тәуекелі – сақтандыру осы жағдайдың орнауымен байланыстырылады. Тәуекел кездейсоқтық, ықтималдық қасиеттеріне ие, оның орнау-орнамауы белгісіз. Міндетті түрде орнайтын немесе орнауы мүмкін емес жағдайлар тәуекел болмайды.
2.Сақтандыру жағдайы (АК 817 б.) – бұл нақты орнаған сақтандыру тәуекелі. Оның нәтижесінде сақтандыру өтемін беру міндеті пайда болады.
3.Сақтандырушылық мүдде – бұл сақтандырушыны шарт жасауға итермелейтін әлеуметтік қажеттілік. Құқыққа қайшы мүдделер, ойындарға, лотереяларға қатысудан болатын шығындар және кепілдегі адамдарды босатуға байланысты шығындар сақтандырылмайды.
4.Сақтандыру сомасы (АК 819 б.) - бұл заңда немесе шартта көрсетілген сома. Шарт осы сомаға жасалады. Мүліктік сақтандыруда сақтандыру өтемі осы сома шегінде берілсе жеке сақтандыруда бұл сома толық төленеді. Сақтандыру сомасы мүліктік сақтандыруда мүліктің құнынан аспауы тиіс. Басқа жағдайларда ол сома тараптар келісімімен анықталады.
5.Сақтандыру өтемі (АК 820 б.) – бұл сақтандыру жағдайы орнағанда сақтанушыға берілетін төлем.
6.Сақтандыру сыйақысы (АК 818 б.) – шарт жасаған кезде сақтандырушыға берілетін сома.
7.Пайда алушы (АК 816 б.). Шарт соның пайдасына жасалады. Шартта басқаша көзделмесе сақтанушының өзі пайда алушы болады, немесе сақтандырылған тұлға пайда алушы болады немесе ол заңға, шартқа сәйкес басқа тұлға болуы мүмкін.
8.Сақтандырылған тұлға (АК 815 б.) – сақтандыру шарты осы тұлғаға қатысты жасалады. Шартта басқаша көзделмесе сақтанушының өзі сақтандырылған тұлға болып табылады. Сақтандырылған тұлғаның жеке басы және соған қатысты мүдделері немесе мүлкі мен мүліктік мүдделері сақтандырылады. Сақтанушы шартта сақтандырылған тұлғаны көрсетуге құқылы. Жеке сақтандыруда сақтандырылған тұлға қайтыс болса (оның өлімі сақтандыру жағдайы деп көрсетілмесе) шарт тоқтайды, ал мүліктік сақтандыруда сақтандырылған тұлға қайтыс болса оның құқықтары сол мүлікті мұра ретінде иеленетін тұлғаға сақтанушының келісімімен ауысады.
Азаматтар мен заңды тұлғалар коммерциялық емес ұйым құрып, қаржы біріктіру арқылы өзара сақтандыру шартын жасай алады (АК 845 б.). Егер шартта бірнеше сақтандырушы болса ол ортақ сақтандыру (АК 823 б.). Егер бір объект жеке-жеке шарт жасау арқылы бірнеше рет сақтандырылатын болса, ол қос сақтандыру деп аталады (АК 821 б.). Топтық сақтандыруда бірнеше сақтандырылған тұлға бір шартпен сақтандырылады (АК 822 б.). Ал, сақтандырушы өзі сақтандырған тәуекелдер бойынша жасалатын төлемдерді басқа сақтандырушыда сақтандырса, ол қайта сақтандыру деп аталады (АК 824 б.).
Сақтандыру қатынастарының негізгі ұғымдары:
1.Сақтандыру тәуекелі – сақтандыру осы жағдайдың орнауымен байланыстырылады. Тәуекел кездейсоқтық, ықтималдық қасиеттеріне ие, оның орнау-орнамауы белгісіз. Міндетті түрде орнайтын немесе орнауы мүмкін емес жағдайлар тәуекел болмайды.
2.Сақтандыру жағдайы (АК 817 б.) – бұл нақты орнаған сақтандыру тәуекелі. Оның нәтижесінде сақтандыру өтемін беру міндеті пайда болады.
3.Сақтандырушылық мүдде – бұл сақтандырушыны шарт жасауға итермелейтін әлеуметтік қажеттілік. Құқыққа қайшы мүдделер, ойындарға, лотереяларға қатысудан болатын шығындар және кепілдегі адамдарды босатуға байланысты шығындар сақтандырылмайды.
4.Сақтандыру сомасы (АК 819 б.) - бұл заңда немесе шартта көрсетілген сома. Шарт осы сомаға жасалады. Мүліктік сақтандыруда сақтандыру өтемі осы сома шегінде берілсе жеке сақтандыруда бұл сома толық төленеді. Сақтандыру сомасы мүліктік сақтандыруда мүліктің құнынан аспауы тиіс. Басқа жағдайларда ол сома тараптар келісімімен анықталады.
5.Сақтандыру өтемі (АК 820 б.) – бұл сақтандыру жағдайы орнағанда сақтанушыға берілетін төлем.
6.Сақтандыру сыйақысы (АК 818 б.) – шарт жасаған кезде сақтандырушыға берілетін сома.
7.Пайда алушы (АК 816 б.). Шарт соның пайдасына жасалады. Шартта басқаша көзделмесе сақтанушының өзі пайда алушы болады, немесе сақтандырылған тұлға пайда алушы болады немесе ол заңға, шартқа сәйкес басқа тұлға болуы мүмкін.
8.Сақтандырылған тұлға (АК 815 б.) – сақтандыру шарты осы тұлғаға қатысты жасалады. Шартта басқаша көзделмесе сақтанушының өзі сақтандырылған тұлға болып табылады. Сақтандырылған тұлғаның жеке басы және соған қатысты мүдделері немесе мүлкі мен мүліктік мүдделері сақтандырылады. Сақтанушы шартта сақтандырылған тұлғаны көрсетуге құқылы. Жеке сақтандыруда сақтандырылған тұлға қайтыс болса (оның өлімі сақтандыру жағдайы деп көрсетілмесе) шарт тоқтайды, ал мүліктік сақтандыруда сақтандырылған тұлға қайтыс болса оның құқықтары сол мүлікті мұра ретінде иеленетін тұлғаға сақтанушының келісімімен ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет