Асырап алудың құқықтық салдары. Асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысы бойынша құқықтар мен міндеттер жағынан тегі бір туыстарға теңестіріледі. Асырап алынған балалар өздерінің ата-аналарына қатысы бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан айрылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады. Бірақ, егер баланы бір адам асырап алған жағдайда, егер бала асырап алушы еркек болса, шешесінің тілегі бойынша, егер бала асырап алушы әйел болса, әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттердің сақталуы мүмкін (НОТЗ 89 бап).
Асырап алынар кезінде ата-анасының қайтыс болуына байланысты өзіне тиесілі зейнетақы мен жәрдемақы алуға құқығы бар бала бұл құқықты асырап алынған жағдайда да сақтап қалады.
Бала асырап алуды жарамсыз деп тану жағдайлары НОТЗ 92-бапбында белгіленген, және бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен6 қорғаншы және қамқоршы органның қатысуымен жүргізіледі
Бала асырап алушылар өздеріне жүктелген міндеттерін орындаудан жалтарған, ата-ана құқықтарын теріс пайдаланған, асырап алынған балаға қатал қараған, соның ішінде оған күш қолданып немесе психикалық зорлық-зомбылық етіп, жыныстық пәктігіне қастық жасаған, маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауырады деп танылған жағдайларда, баланы асырап алудың күші жойылуы мүмкін. Ол сот тәртібімен жүргізіледі.
Сот баланың мүдделерін негізге ала отырып, НОТЗ 125 және 127-баптарында белгіленген мөлшерде бұрынғы бала асырап алушыны баланы асырауға қаражат төлеп тұруға міндеттеуге құқылы.
Бала асырап алудың күшін жою АХАЖ органдарында тіркеледі.
2. Әкеліктің ерікті белгіленуі және сот тәтібімен белгіленуі.
3. Баланың ата-анасын туу туралы жазба кітабында жазу және әкелікті даулау.
4. Баланың құқықтары.
5. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.
6. Ата-аналық құқықтық қатынасты өзгертетін немесе тоқтататын заңды фактілер.
7. Ата-ана құқықтарынан айыру.
8. Ата-ана құқықтарын шектеу.
9.Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау және орналастыру.
10.Бала асырап алу