Байланысты: аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К
Ата-аналардың келісімі - баланы асырап алудың міндетті шарты, және ол жазбаша нысанда беріледі және онда қойынлған қолды нотариус куәландыруы тиіс. Келісім сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін. Бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғанға дейін ата-аналар бала асырап алуға өздері берген келісімінің күшін жоюға құқылы.
Баланы ата-аналарының келісімінсіз асырап алу: 1) сот белгісіз немесе өлген, хабар-ошарсыз кеткен деп таныса; 2) сот әрекетке қабілетсіз деп таныса; 3) сот ата-ана құқықтарынан айырса. Бұл ретте бала асырап алу алты айдан кейін жүргізіледі; 4) баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған себептер бойынша алты айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеу мен асыраудан жалтарып жүрсе, олардың баланы асырап алуға келісімі талап етілмейді (НОТЗ 83-бап).
Қорғаншылықта (қамқоршылықта) тұрған, патронат туралы шарт бойынша тәрбиеленіп жатқан, тәрбие, емдеу мекемелері мен басқа да мекемелердегі балаларды асырап алу үшін де жазбаша түрдегі келісім қажет. Сот баланың мүдделерін көздей отырып, оны асырап алу туралы жоғарыда аталған адамдардың келісімінсіз шешім шығаруға құқылы (НОТЗ 82-бап).
Он жасқа толған баланы асырап алу үшін баланың келісімі қажет және оның келісімін сот белгілейді.
Егер баланы ерлі-зайыптылардың екеуі бірдей асырап алмаса, баланы ерлі-зайыптылардың біреуі асырап алған кезде бала асырап алуға ерлі-зайыптылардың екіншісінің жазбаша келісімі талап етіледі. /85-бап/
Отбасы заңдарымен белгіленген асырап алуға тыйым салулар асырап алудың қосымша шарттары ретінде санауға болады. Асырап алу балалардың мүдделеріне сай келетін жағдайларды қоспағанда, ағалы-інілер мен апалы-сіңлілерді (қарындастарын) әртүрлі адамдардың асырап алуына жол берілмейді |79-бап|.
Асырап алушыларға қатысты тыйым салуларға:1)сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған адамдар; 2)сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп таныған ерлі-зайыптылар; 3)сот арқылы ата-ана құқықтарынан айырылған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар; 4)өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар; 5)егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші жойылса, бұрынғы бала асырап алушы адамдар; 6)денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар асырап алушылар бола алмайды
Бір-бірімен некеде тұрмайтын адамдардың белгілі бір баланы бірлесіп асырап алуына тыйым салынады (80 бап).
Тыйым салу жас айырмасына қатысты да белгіленген. Некеде тұрмайтын асырап алушы мен асырап алынушы баланың жас айырмасы кем дегенде он алты жас болуы тиіс. Өгей әкесі (өгей шешесі) бала асырап алғанда, осы баптың белгіленген жас айырмасы талап етілмейді (81-бап).
Баланы асырап алу тәртібі (77-бап). Баланы асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) арызы бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот АІЖК ережелері бойынша ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Балаларды асырап алу туралы істерді сот қорғаншы және қамқоршы органдардың қатысуымен қарайды. Бала асырап алу туралы істер әдетте жабық сот отырыстарында қаралады.
Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері (НОТЗ 89-бабы) баланы асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды. Мұндай шешімнің көшірмесі заңды күшіне енген күннен бастап он күннің ішінде АХАЖ органдарына жіберілуі керек. Бала асырап алу мемлекеттік тіркелуі тиіс.