Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК



бет39/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

9.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдерінің ұғымы және жүйесі.
Меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтар әртүрлі құқық салалармен: қылмыстық, әкімшілік, қаржы және басқа салалармен қорғалады. Азаматтық құқық та меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.
Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қорғау дегеніміз — азаматтық заңнамада көрініс тапқан қорғаудың нақты ерекше шаралары.
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына қарай, заттық-құқықтың және міндеттемелік болып топтасады.
Қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі мынада: бұл тәсілдер меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды абсолюттік құқық ретінде қорғауға бағытталған, яғни олар нақты шарттың немесе шарттан тыс міндеттемелермен байланысты емес және бұзылған құқықтарды мына жолдармен қалпына келтіруді мақсат тұтады: 1) заңсыз тартып алған заттарды қайтару; 2) бүлінген зат­тарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні жою. Бұлардың барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің белгілі бip затқа иелену, пайдалану және билік ету құқығын қалпына келтіргенде, яғни абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.
Меншік құқығын немесе өзге де заттық құқықтарды қорғаудың міндетгемелік әдістернінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған немесе бүлінген меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне мүліктің құны төленеді немесе бүлінгені өтеледі, яғни келген зиян — шарттан тыс міндеттемелерден туындаған шығын төленеді.
Сонымен, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік зат түрінде қалпына келтіріледі, ал міндеттемелікте — ақшалай өтеледі.
Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады: меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықты тану; мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету (виндикациялық талап); бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен байланысты болмаса да меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды бұзуды жою туралы талап (негаторлық талап).
Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды қорғаудың міндеттемелік — құқықтық тәсілдеріне мыналар жатады: 1) мемлекеттік басқару органының, жергілкті өкілдік органның меншік иесінің құқықтарын бұзатын, заңнамаға сәйкес емес нормативтік-құқықтық немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық құқық иесіне келген шығындардың орнын толтыру; 2) мемлекеттік басқару органының, жергілікті басқару немесе өкілдік органның, не лауазымды адамның актісін заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актіні қолданбау туралы талап қою; 3) заң актілерінде көзделген негіздер бойынша меншік құқығы тоқтағанда оны қорғау.
Әрине, меншік иесінің құқығын немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқығын қорғау басқа негіздерден де туындауы мүмкін, мысалы, шарттық қатынастардан, мүлікке зиян келтіруден, мұрагерлік туралы, авторлық туралы даудан, т.б. Бірак, бұрындары айтылып өткендей, меншік иесінің немесе өзгедей заттық құқық иесінің құқықтарын қорғаудың бұл тәсілдері құқықтың өзге институттарына жатады, атап айтқанда, міндеттеме бұзылғанда құқықты қорғауға, залал келгенде құқықты қорғауға, мұрагерлік құқықты қорғауға, авторлық құқықты қорғауға және т.б. жатады. Сондықтан, құқықтарды қорғаудың бұл тәсілдері азаматтық құқықтың тиісті тарауларында қаралады. Бұл тарауда құқықтарды қорғаудың шектеулі, азаматтық-құқықтық ұғымға жататын тәсілдері ғана қаралады.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:


1. Меншік құқығының түсінігі мен мазмұны.
2. Меншік құқығының нысаны мен түрлері.
3. Ортақ меншік түсінігі, түрлері және пайда болу негіздері.
4. Ортақ үлестік меншік құқығы.
5. Ортақ бірлескен меншік.
6. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарға ие болу негіздері.
7. Меншік құқығының пайда болу сәті.
8. Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы
9. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтарды қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет