Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ. ОӘК


Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы



бет38/150
Дата06.04.2023
өлшемі1,61 Mb.
#79851
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150
Байланысты:
аза стан республикасыны азаматты Ы Ы. О К

8. Меншік құқығының және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы
Меншік құқығының тоқтатылуы заңдармен белгіленген заңды фактілер орын алған ретте болады. Меншік құқығының тоқтатылу негіздерінің түрлері:

  • мүліктің қирауы немесе жойылуы;

  • меншік иесінің еркі бойынша меншік құқығының тоқтатылуы: 1)өзінің мүлкін басқа тұлғаларға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту және т.с.с. шарттар бойынша иеліктен шығару; 2)меншік құқығынан бас тарту (АК 250-бап). Меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтауға әкеп соқтырмайды.

  • меншік құқығының мәжбүрлі тоқтатылуы. Ол ақысыз және ақылы болып бөлінеді. 1) ақысыз тоқтатылу негіздері:

  • тәркілеу – заң құжаттарында көзделген реттерде мүліктің меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы (АК 254-б.);

  • меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу (АК 251-б.);

2)мәжбүрлі ақылы тоқтатылу нездері:

  • заң құжаттарына сәйкес тұлғаға тиесілі бола алмайтын мүлікті иеліктен шығару (АК 252-б.);

  • реквизиция (АК 253-б.) - дүлей апаттар, авариялар, аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң құжаттарында белгленген тәртіп пен жағдайларда мүліктің меншік иесінен оған осы мүліктің құны төлене отырып мәжбүрлі алынуы;

  • жерді және басқа да табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы (АК 255-бап);

  • күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу (АК 256-бап);

  • ұлт меншігіне алу (АК 249-б. 4-т.) – арнайы қабылданған нормативті құқықтық акт негізінде мүлікті мемлекет меншігіне алып қою.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет