Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Тәрбиенің негізгі мақсаты



бет14/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген.

Жеке адамның дамуының ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол – адам қалыптасуында жетекші фактор. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.

Осы тұрғыдан келгенде тәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет