Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным



бет13/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
пед рубеж 1

Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.

Ойын – бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінезқұлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімделіп, өзін еркін сезінуге үйретеді.

Оқу іс-әрекетінің негізінде бала адамзаттың өндірген іскерліктерін меңгере бастайды, өз жұмысын көпшілік үшін міндетті ережелерге бағындыру дағдыларына бой ала бастайды.

Адам іс-әрекетінің негізгі түрі – еңбек болып табылады. Ал еңбек әрекетіне араласқан адамның басты ерекшеліктерінің бірі – оның еңбекке қабілеттілігі, ал кез келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады.



Іс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі.

Еңбек – тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеу.


7.Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары.

Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық жеке тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады. Тәрбие – жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет