Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы



бет16/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
Іс әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсенді қатынасының бір формасы немесе қоршаған орта мен субьектінің өзара қатынасының динамикалық жүйесі. Адам еңбектің қай түрімен айналысса да, өмірге ең алдымен қайраткер, іскер және жасампаз болып келеді. Оның арнайы әрекеті еңбекте, еңбек іс-әрекетінің актісі түрінде қалыптасады.

Таным іс -әрекеті оқушының ой-өрісін кеңейтіп, дүниені тануының маңызды құралының бірі – білім алуға, өздігінен білім алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылым-білімдерді жүйелі меңгеруге көмектеседі. Таным оқу процесінде негізгі іс-әрекет болып табылады. Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі.



Әлеуметтену – мендік көзқарасын қалыптастыру арқылы тұлғаның әлеуметтік өмірге бейімделуі. Тұлғаның мендік танымы тиісті болумен қатар өмірдегі өз орнын айқындауға жол ашады.

Жеке тұлғасаналы сөйлеу, шығармашылық қабілеттері бар қоғамдағы табиғи тірі организм – адам. Адам туылғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы процесінің сипатын көрсетіп отырады. Кейін іс-әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен бейімділігі негізінде жеке тұлға болып танылады. Адам бұл жағдайға әлеуметтену деп аталатын процесс негізінде жетеді.

Әлеуметтену – оқу және тәрбиенің барлық процесін қамтып, әлеуметтік өмірге араласуға, қарым-қатынасқа түсуге негіз болады. Әлеуметтену процесіне тұлғаның барлық қоршаған ортасы қатысады: отбасы, көршілері, құрдастары, мектеп, бұқаралық ақпарат құралдары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет