ІV деңгей – логикалық-гносеологиялық: педагогиканың пәні мен объектісін, оның негізгі ұғымдарын қарастырады, педагогикалық теория мен практика арасындағы ара қатынасты анықтайды, педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысын қарастырып, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізіп, педагогиканың дамуына болжау жасай алады.
9. Педагогикалық зерттеулердің құрылымы. Анализ – жан жақты зерттеу мақсатында бүтін бір затты құрамдас бөліктерге бөлу.
Синтез – заттың құрамдас бөліктерін біртұтас затқа біріктіру.
Абстракциялау– зерттеліп отырған сол істің қажетсіз емес қасиеттері мен қарым-қатынастарынан зеттеуге керек қасиеттері мен қарым-қатынастарын бөліп алу. Түрлері:
Талдап қорыту– көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау.
Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.
Индукция– жеке қорытулар негізінде жалпы тұжырым жасауға мүмкіндік беретін талқылау әдісі.
Дедукция – жалпы тұжырымнан жеке тұжырым жасап алуға мүмкіндік беретін талқылау әдісі.
Модельдеу– модель жасау мен зерттеу әдісі. Артықшылығы – ақпаратты тұтас көрсету. Модельдеу синтетикалық принципке негізделеді: тұтас жүйені бөліп көрсету және оның қызмет етуін зерттейді.