Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына, әрекетіне елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен, ал солтүстікте балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері.
Адамға әсер ететін түрлі жағдайларды қозғаушы күш деп атайды. Біршама зерттелген ғылыми еңбектерде әлеуметтендірудің жағдайлары мен қозғаушы күштерін төрт топқа біріктіреді:
1) Мегафакторлар: космос, неосфера, планета, әлем. Бұлар басқа қозғаушы күштер арқылы барлық жер бетінің тұрғындарын әлеуметтендіруге әсер етеді.
2) Макрофакторлар: ел, мемлекет, этнос, қоғам. Бұлар белгілі бір елді мекенде өмір сүретін тұрғындардың әлеуметтендіру жағдайына әсер етеді.
3) Мезофакторлар: тұрғылықты жерде халықтың болмыс-түрі, әртүрлі субьмәдениетке қатысы бойынша сараланатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтеңдіру жағдайы.
4) Микрофакторлар: ұстаз бен отбасы, көрші, құрдастар тобы, тәрбие орындары, әртүрлі қоғамдық, діни, мемлекеттік, жеке ұйымдар, микросоциум, яғни белгілі бір нақты адамдарға әсер ететін қозғаушы күштер жатады.
Қосымша
Тұлғаның дамуына әсер ететін іс-әрекет түрлері: ойын, оқу, еңбек, таным.
Ойын – бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімделіп, өзін еркін сезінуге үйретеді. Ойын – балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Бастауыш мектеп кезеңінің негізгі іс-әрекет түрі оқу іс-әрекеті болып табылады. Баланың мектеп табалдырығын аттағандықтан, бұл кезең оның қатынастарының барлық жүйесін жанамалай бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |