Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші



бет34/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45
11. Қарама-қайшылық - педагогикалық үдерістің қозғаушы күші
Қайшылықтар мұғалімдер мен оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін

ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін



Қарама-қайшылық көп жағдайда оқыту процесін ұйымдастыру мен жүзеге

асыруда мұғалімдер мен оқушылар арасында нақтылы бір жағдайларды

ескермеу нәтижесінде пайда болады.

Педагогикалық процестің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру

болады. Зерттеу нәтижесінде қарама-қайшылықтарды қалай болса солай

тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретіңде олар

зерттелетін объектінің мәнін ашуы тиіс; қарама-қайшылықты ұстаздар мен

оқушылар іс-әрекетін педагогикалық процестің басты құрал-көрсеткіші ретінде

сипаттау керек; қарама-қайшылықтар жүйесін ғана емес, сонымен бірге оларды

шешу әдістемесін негіздеу керек.

Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы – бұл даму үстіндегі

тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама?қайшылықтар тобын психологтер жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Оларға



Г.К.Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады:

жаңа қажеттілік, мүдделер, ұмтылушылық пен тұлға мүмкіншілігінің

жеткен даму деңгейі арасындағы;

 жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері

мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы;

 тұлға дамуындағы жеткен деңгейі мен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық

қатынастар жүйесінде алатын оның орны, атқаратын қызметі арасындағы;

 жақсы жетістіктерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе

алмайтындық қорқынышы арасындағы;

 дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің

жетіспеуі арасындағы;

мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен

ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы;

 тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс-әрекет арасындағы.

Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да

қатысушылармен бірлескен іс-әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы

алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын ұжымның

дамуымен тығыз байланыстылығымен анықталады.

М.Ю.Красовицкийдің зерттеулерінде көрсетілгендей, оқушы ұжымның

тәрбиелік рөлі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың

жүйесі белгіленеді. Бірақ, керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір

ұстаздардың аса қадағалауы мен қамқорлықтарын талап етеді. Оны

қалыптастыру барысында мұғалім балалар ұжымының қалай даму үстінде

екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескермейінше

болмайды.

Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады:

 ұжым мүддесі мен индивидтің жеке мүдделері арасында;

 индивидтің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның өзінің тәуелсіздігіне

өз еркімен жету арасындағы;

 тұтас еріктілігі мен ұжымның тәртібіне бейімделу қажеттілігі

арасындағы;

 ұжымның талаптары мен тұлғаның тілектері;

 ұжымның пайдалы әдеттерінің қажеті мен :формализм қауіптілігі

арасындағы;

 бастапқы ұжымның қажеттілігі мен топтық бөлініп шығуы қауіпсіздігі

арасындағы.

Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені

меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс-әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс-әрекет

тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды, тек қана

басқалардың көмегі арқылы ол іс-әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық адам жүйесінде пайда

болады, ол оның жетілуі жаңа «адам – адам» жүйесінің, оған бірінші жүйе

қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі.

Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің

табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі

нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсенді түрде іс-әрекет

тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, әйтпесе олардың әрекетінің дамуы



мүмкін емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет