Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Педогогиканың принциптері



бет42/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
пед рубеж 1

Педогогиканың принциптері:

Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларын принциптер деп атайды.

Біртұтас педагогикалық процестің принциптері – нақтыланып баратын оқу мен тәрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады. Қай педагогикалық процесс болмасын, өз дамуының белгілі бір ізділігіне сәйкес кезеңдерге бөлінеді. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық ықпал етеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:

~педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық-нысаңдық бағыттылығы;

~ іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;

~ педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;

~ педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;

~оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты, психологиялық физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;

~педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;

~оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;

~ ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;

~әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

~ оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет