Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы


Адамзат тарихындағы тәрбие жүйелері



бет43/45
Дата31.12.2021
өлшемі1,1 Mb.
#22150
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
пед рубеж 1

15. Адамзат тарихындағы тәрбие жүйелері.

Білім беру жүйесінің әртүрлі кезеңдерінде тәрбиелеу процесін ізгілендіру мәселелері шешіледі:

1) ізгілендіру қазіргі білім беруді дамытудың жалпы мазмұнын жетілдірудің басты негізі болады;

2) ізгілендіру жалпы орта білім беретін мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің даму бағыттарын айқындайды;

3) ізгілендіру оқу-тәрбие процесінің нәтижесі тәуелді болатын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекетінің басты мәселесі болып табылады.
Авторитарлы жүйеден ізгілендірудің өзгешелігі – тұлғаның қоғамдық өмірге еркін және өзгеге тәуелсіз өз бетінше атсалысуы. Бірақ тәуелсіздіктің негізінде еркін таңдау құқы мен қабылдаған шешімге жеке жауапкершілік жатады. Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалаудың тұжырымдамалық және құқықтық-нормативтік негіздеріне сүйене отырып, тәрбие беруді ізгілендіру төмендегілерді білдіреді:

 тәрбиеленуші (немесе оның ата-анасы) мектеп түрін, білім беру мазмұнын, оның ұйымдастыру формаларын, кәсіби білім беру бағыттарын және т.б. таңдауға құқы бар;

 тәрбиеленуші өз мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай өз дамуының жеке, дара жолын таңдайды;

 тәрбиеленуші педагогикалық процестің субъектісіне айналады, яғни оқу-тәрбие процесін жоспарлау және оның нәтижесін бағалау іс-әрекеттеріне белсене атсалысады;

 тәрбиеленушінің оқу процесінде барлық іс-әрекеті, белсенділігі ынталандырылып отырылады.
Қазіргі кезеңде тәрбие процесін ізгілендіру бағыттары болып табылатындар:

 жеке тұлғаны тәрбиелеу мазмұнында әлемдік мәдени құндылықтарды ендіру арқылы оларды ізгілендіру бағытын тереңдету;

 адами құндылықтардың негізін ашатын тәрбиелік жұмыстардың кешендік жүйесін даярлау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет