Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Маңғыстау облыстық білім басқармасы Түпқараған ауданы Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы Жоба тақырыбы: «Біздің өлкеміздегі күн және жел энергиясы»
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі Маңғыстау облыстық білім басқармасы Түпқараған ауданы Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы Жоба тақырыбы: «Біздің өлкеміздегі күн және жел энергиясы» Жоба авторы: Әбуова Мейрамгүл Айтжанқызы Жоба жетекшісі Тұрланова Кідірхан Жұмыстың мақсаты: Арзан баламалы энергия көзін пайдалану арқылы экологияға нұқсан келтірмейтін энергияны үнемдеу саясатын ұсыну.
Жұмыстың гипотезасы: Маңғыстау облысы күн және жел энергиясын одан әрі дамытуға шамасы бар. Себебі біздің өлкеміздің климатын қоңыржай белдеумен тропиктік ауа массалары анықтайды.
Жұмыстың нәтижесі: Күн, жел энергиясын күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалану – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Әсіресе, бұл мәселенің түбегейлі шешілуі қазіргі уақытта дүние жүзінде мұнай мен газ секілді отынның күннен-күнге қымбаттауынан туындап отырған негізгі проблемалардың толықтай шешімін табарына өз септігін тигізері сөзсіз.
I.Кіріспе Бүгінгі күнде адамдардың тұрмыс тіршілігі табиғатты басқару арқылы, жақсартуға ұмтылу және жаңа өндірістерді дамытудың салдарынан айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудыруда. Адам баласына кейінгі кезде энергия жетпейді. Мұнай үшін кейбір мемлекеттер бір-бірімен жауласып жатса, ал кейбіреулері экологиялық дағдарысқа, құлдырауға ұшырайды. 1930 жылы бүкіл әлемде 300 млрд кВт-сағат энергия өндірілсе, ал қазір 60 000 млрд кВт-сағат энергия өндірілуде. Бұл өте үлкен көрсеткіш! Бүгін біздің пайдаланып отырған энергия көздері-жер асты пайда қазба қорлары-мұнай, көмір, табиғи газ барлық энергоқорлардың 90% құрайды. Американдық зерттеушілердің айтуынша жер бетіндегі мұнай 2025 жылға дейін жетеді. Қашан болса да, ол бітеді және әрі қарай не болады? Жыл сайын атмосфераға түрлі жанғыш заттардың жануы нәтижесінде 23 млрд тоннаға жуық көмірқышқыл газы бөлініп, сондай мөлшерде оттек сіңіріледі. 1980 мен 2004 жылдардың аралығында жер бетінде 14500 табиғат апаттары тіркеліпті, осы апаттардан миллиондаған адамдар қаза болды. Мұндай мәселелерді біз баламалы энергия көздерін дамытуарқылы шеше аламыз.
Күн энергетикасы-болашақтың сарқылмас энергиясы Жел энергетикасы Күн батереялары мен желқондырғылар
1. Қазақстан баламалы энергия көздерін дамытуға өте қолайлы. Географиялық орнына байланысты күн энергиясының потенциалы аз емес. Ал, жел станцияларына қолайлы жерлерге Жүзімдік,Жоңғар қақпасын, Қордай, Шелек жерлерін жатқызамыз. 2.Қазіргі таңда мемлекет тарапынан көп қолдау көрсетіліп жатыр. Мысалға, 2003 жылы «Жел энергетикасын дамыту туралы» қаулысы, 2007 жылы «2015 жылға дейінгі және келешекке 2024 жылы дейінгі жел энергетикасы дамуының ұлттық бағдарламасы» , 2017 жылы «Болашақ энергия» тақырыбында EXPO-2017 көрмесі өткізілді. 3.Бүгінде баламалы энергия көздерін пайдалану Астана, Алматы қаласында, Ақмола облысында, Маңғыстау өңірінде жақсы дамып келеді.
Баламалы энергия көздерінің Қазақстанда дамуы Маңғыстаудағы күн және жел энергиясы Мұнайлыдағы күн электр станциясы Форт-Шевченко жел электр станциясы III.Қорытынды Қорыта келе айтарымыз: Күн және жел энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор. Ғалымдардың болжауынша 2050 жылға қарай бламалы энергия адамзаттың электр энергиясына деген 20-25%-дай қажеттілігін өтей алады. Сол сияқты Халықаралық энергетикалық агенттіктіктің мәліметі бойынша 40 жылдан кейін Күн энергетикасы көмегімен атмосфераға көмірқышқыл газының түсуін жылына 6 млрд тоннаға дейін қысқартуға болады екен. Осындай тұжырымдар негізінде күнмен, желден өндірілетін энергияның адамзат үшін сарқылмайтын байлық екендігіне әбден көз жеткізуге болады деп ойлаймыз. Iv.Ұсыныс