Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Математика курсының әріпті өрнектерді оқушыларға үйрету. Оқушыларды санды өрнекпен, әріпті өрнектермен таныстыру, әріптің мәнін өрнектегі орнына қоя білуге баулу, өрнектің мәнін таба білуге үйрету, өрнектерді мәндері бойынша салыстыра білуге дағдыландыру. Оқушылардың өткен сабақтардан әріпті өрнектер туралы алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған тапсырмалар орындату. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.Белсенділіктерін арттыру оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.Қәзіргі таңда математика сабағында белсенді әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятумен қатар логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғы шарты мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды.
Курстық жұмыстың міндеттер:
1.Математикалық өрнектер.
2.Санды өрнектер мен әріпті өрнектер.
3. Алгебралық орнектер.
4. Әріпті өрнектің мәнін табуға арналған сабақ жоспарлары.
5. Әріпті өрнектерді оқыту әдістемесі
Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі. Математиканың бастауыш курсына арифметикалық амалдардың бірқатар қасиеттері енеді. Онымыз мың көлеміндегі сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту мен бөлудің үлестірімділік қасиеті, сондай-ақ мынадай қасиеттері санды қосындыға қосу, санды қосындыдан азайту.
Курстық жұмыстың зерттеу әдісі. Оқушылардың ғылыми - дүниетанымдық қабілетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, практикалық дағдылары мен қызығушылықтарын дамыту және т.б өзекті мәселелердің ішінде оқушылардың мектептің жоғарғы сыныптарындағы математика курсына дайындығын жетілдіру.
Курстық жұмыстың болжамы. Егер бастауыш сыныпта оқушыларға мың көлеміндегі сандарды оқыту материалдарды жетік меңгерте алсақ, онда олардың математикадан білім деңгейі жоғарылайды және т.б пәндерді оқушылардың жетелей түсінуіне, қазіргі заман талабына сай терең білім алуына ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы. Бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістемесін жетілдіруде, бастауыш мұғалімдері мен әдіскерлердің іс - тәжірібесінде қолдануға болады.
Курстық жұмыстың құрлымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, төрт бөлімшелерден және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |