|
|
бет | 4/15 | Дата | 05.07.2022 | өлшемі | 206,74 Kb. | | #37509 |
| Байланысты: 2022 жаңа курстық жұмыс.docx1.2 Алгебралық орнектер
Өрнек дегеніміз математикалық немесе логикалық амалдағыштардың, тұрақты мәндердің, функциялардың, кесте жолақтарының, басқару элементтерінің және жалғыз мәнді есептейтін сипаттардың жиынтығы болып табылады. Өрнектерді мәндерді есептеуге, деректерді бекітуге және әдепкі мәнді жолаққа немесе басқару элементіне орнату үшін қолдануыңызға болады.
Алгебралық өрнекті санды өрнектен ажыратып, алгебралық өрнектің қабылдайтын мәндерін, қандай сан алгебралық өрнектің мәні деп аталатынын, қандай өрнек алгебралық қосынды деп аталатынын толығымен түсініп, алгебралық өрнектерді жазуды, алгебралық өрнектің мәнін табуды үйренесіңдер.
Алгебралық өрнектердің жазылуында әріптер, сандар, арифметикалық амалдар таңбалары және жақшалар болуы мүмкін.
Алгебралық өрнектерді жазуда, әріпті өрнектердің жазылу шарттары сақталады.
Мысалы,
1) а * 9 көбейтіндісінің 9а (мұндағы 9 – коэффициент) түрінде;
2) а, в және с көбейтіндісінің авс түрінде;
3) 8 және ( х+6) көбейтіндісінің 8(х+6) түрінде жазылуы
Алгебралық өрнектерде жақшаны пайдалануға ерекше назар аудару керек.
Мысалы, 3- ( у + 5) өрнегін 3 – у + 5 түрінде жазуға ( есептеуге) болмайды.
Себебі, 3-(у+5) өрнегінде 3 санынан у пен 5 сандарының қосындысын азайту берілсе, ал 3-у+5 өрнегінде 3 санынан у-ті азайтып, нәтижесіне 5 санын қосу берілген.
Себебі, х = 2 болса, бөлшектің бөлімі 0 – ге тең болады. Санды нөлге бөлуге болмайтындықтан, х – тің 2 – ге тең мәнінде өрнектің мағынасы болмайды.
Алгебралық өрнектегі әрбір әріптің орнына оның қабылдайтын мәнін қойып, көрсетілген амалдарды орындау нәтижесінде шығатын санды алгебралық өрнектің мәні деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|