Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффицинттер:
Төлем қабілеттігінің жалпы бағасын ағымды өтімділік (төлем қабілеттігі, жабу) коэффициенті береді. Егер ағымды өтімділік коэффициенті бірден аз болса, бұл проблема барын көрсетеді. Бұл көрсеткіш үшін қалыпты маңыз – екіден артық немесе тең.
Тез өтімділік коэффициенті (қатал өтімділік, ауыспалы баға). Маңызы бойынша алдыңғы көрсеткішке ұқсас, бірақ бұл коэффициент ағымды активтердің тар шеңберімен, есептен оның аз өтімділік жағы - өндіріс қоры шығарылғанда есептеледі. Осындай шығарудың логикасы қорлардың аз өтімділігінде ғана емес, өндіріс қорын амалсыз өткізу жағдайда алынатын ақшалай қаражат, оларды сатып алғандағы шығындардан өте төмен болуы. Коэффициенттің төменгі қалыпты шегінің бағасы бірден көп немесе тең. Бұл коэффициент динамикасын талдаған кезде, оның өзгеру факторларына назар аудару қажет. Солай, егер ауыспалы өтіділік коэффициентінің өсуі негізінде ақталмаған дебиторлық қарыздың өсуімен байланысты болса, кәсіпорын әрекеті жағымсыз жағынан сипатталады.
Ауыспалы өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздар және дебиторлық қарыздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ақшалай қаражат, жеңіл өткізілетін бағалы қағаздардың ағымды міндеттерге қатынасы ретінде есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ең қатаң өтімділік критериі деп саналады; қысқамерзімді несиелік міндеттердің қай бөлігі керегінде шұғыл төлене алатынын көрсетеді. Талданған көрсеткіштің қалыпты шектеуі 0,2-ден артық немесе тең.
Бақылау сұрақтары: 1.Қаржылық тұрақтылық туралы түсінік
2. Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы
3. Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатамасы
4. Қаржылық жағдай сапасын анықтау
5. Қаржылық тұрақтылықты анықтайтын коэффицинттер
55. тақырып Табыстылықтың рентабельділік көрсеткіштерін талдау
1. Рентабельділік туралы түсінік
2. Рентабельділікгі — өндіріс тиімділігі түсінігі
3.“Рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қолданылатын негізгі мақсаттары