Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы



бет204/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   213
Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын өзіндік дамуына инвестицияларды қоса сипаттайды.
Қак.и. = ҰN / (Ұи + Қи),
мұнда Ұи және Қи – ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестициялар.
Жұмыс істеп тұрған капиталдың айналымдылығы келесі формула арқылы есептеледі
Каж.к. = ҰN / Жк,
мұнда Жк – жұмыс істеп тұрған капитал.
Перманенттік капитал айналымының жылдамдығы:
Капер/к. = ҰN / Пер.к,
мұнда Пер.к – перманенттік капитал = өзіндік капитал + ұзақмерзімді міндеттер.
Іскерлік белсендік индексі айналым капиталын басқару саласындағы мерзімде кәсіпорынның негізгі әрекеті бойынша кәсіпкерлік тиімділігін сипаттайды
Иі/б = ҰN / Жк х Тн/ S,
мұнда ҰN / Жк – жұмыс істеп тұрған капитал айналамдылығының коэффициенті, Тн/ S – негізгі әрекеттің табыстылығы.

57практикалық сабақ Ұйымның іскерлік белсенділігін көрсеткіштерін талдау


Практикалық сабақ мазмұны:
Ұйымның қаржылық тұрақдылығын талдау
Тақырыптық тапсырмаларды орындау.
Әдебиеттер: К.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенов, Ж.Г.Жұмагалиева. «Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау», Алматы-2001 ж.
Түсіндіру қажет:
1. Іскерлік белсенділіктің сапалы критериі
2.Қысқа мерзімді активтер айналымының жылдамдығы айналым ұзақтығымен және айналым қаражаты бекітілу коэффициенті
3. Кредиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті
4. Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті
5. Ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын өзіндік дамуына инвестицияларды қоса сипаттайды.

Бірінші бағытты сипаттау үшін негізгі көрсеткіштердің салыстырмалы динамикасын есепке алу қажет


Тт > Тө > Так > 100 %,
мұнда Тт – табыс өзгеру темпі, Тө – өткізу өзгеруінің темпі,
Так – аванс капиталының өзгеру темпі.
Айналым қаражатының айналымдылығын бағалау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады.
Жылына өндірістің және айналудың толық циклі неше рет жасалады және өткізілген өнімнің қанша ақшалай бірліктері активтердің әр бірлігі әкелгенін капиталдың жалпы айналымдылығы коэффициенті көрсетеді. Ол мына формула арқылы есептеледі
Ка = ТN / Ак,
мұнда ТN – өнім өткізуден алынған табыс; Ак – аванс капиталы.
Қор қайтымы ретіндегі негізгі қаражат айналымы
Қк = ДN / Нққ,
мұнда Нққ – негізгі қаражаттың орта құны.
Өзіндік капитал айналымының коэффициенті
Каө = ДN / Өк,
мұнда Өк – баланс бойынша өзіндік капиталдың орта мөлшері.
Ағымды активтердің айналымдылығы коэффициенті
Каа.а.=ДN/ Аао,
мұнда Аао – ағымды активтердің орта мөлшері.
Бұл көрсеткіш ағымды активтер айналымының жылдамдығын, яғни талданған мерзімде барлық айналым қаражатының айналу санын көрсетеді. Ағымды активтер айналымдығын жылдамдату қажеттілікті азайтады да кәсіпорынға айналым қаражатының бөлігін немесе шаруашылық керектеріне (абсолюттік босатылу), немесе өнімді қосымша шығару үшін (салыстырмалы босатылу) босатуға мүмкіндік береді.
Қысқамерзімді активтер айналымының жылдамдығы өндіру уақыты және айналу уақытын қысқарту арқасында көбейеді.
Қысқа мерзімді активтер айналымының жылдамдығы айналым ұзақтығымен және айналым қаражаты бекітілу коэффициентімен сипатталады.
ҚА бір айналу ұзақтығы формула арқылы анықталады
До = 360 / Ка а.а. = 360 : ДN / Аас = 360 х Аас / ДN
Айналым қаражаты бекітілу коэффициентінің формуласы келесі түрде болады
Каб = Аас / ДN.
Материалдық айналым қаражат айналымдылығы коэффициенті кәсіпорынның қоры мен шығын айналымының санын көрсетеді, яғни оларды өткізу жылдамдығы
Кақор = SN / Ққ,
мұнда SN – өткізген өнімнің толық өзіндік құны, Ққ – қорлардың орта құны.
Дайын өнімнің айналымдығы коэффициенті
Каr = ДN / r,
Коэффициент оборачиваемости готовой продукции
Коr = ДN / r,
мұнда r – дайын өнімнің баланс бойынша құны. Ол дайын өнім айналымының жеделдігін көрсетеді. Оның өсуі өнімге деген сұранысты, ал төмендеуі – сұраныстың төмендеуімен байланысты дайын өніммен тауарландыруды дәлелдейді.
Дебиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті
Кад/қ = ДN/ Дқ,
мұнда Дқ – дебиторлық қарыздың орта мөлшері.
Бұл көрсеткіш қарыз және оның көлемі сапасын бағалауы үшін қолданылады, кәсіпорын берген коммерциялық кредиттің кеңейуі немесе төмендеуін көрсетеді. Егер коэффициент есеп-шот төлеуімен қалыптасатын өткізу табысынан есептелсе, оның өсуі кредитке сатудыдың қысқаруын дәлелдейді, ал төмендеуі – берілетін кредит көлемін ұлғайтуды дәлелдейті. Одан басқа, қарыз айналымының орта мерзімін Дт формула арқылы анықтау керек
Дад/қ = 360 / Кад/қ = Дқ х 360 / ДN.
Бұл көрсеткіш клиенттерге шығарылған есептерді төлеу үшін керек уақытты сипаттайды.
Кредиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті
Как/қ = ДN/ Кқ,
мұнда Кқ – кредиторлық қарыздың орта мөлшері.
Бірегей қарыз айналымының орта мерзімі Кт анықталады
Дак/қ = 360 / Кка/қ =Кқ х 360 / ДN.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарызды қайтару орта мерзімін айқындайды.
Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті.
Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығы негізгі шарттарының бірі – оның ағымды міндеттерін жабуды қамтитын ақша қаражатының ағылып келуі. Ақша қаражатының қажетті қорының жоқтығы кәсіпорында қаржылық қиындықтар болуы туралы айтады. Сол уақытта артық ақша қаражатының болуы инфляция және ақшаның бағасыздануымен байланысты кәсіпорын қиыншылығы туралы айтады. Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті мына формула арқылы есптеледі
Каа/қ = АҚа / АҚо,
мұнда АҚа – мерзім бойынша ақша қаражатының айналымы, АҚо – ақша қаражатының орта қалдықтары.
Талдау мерзімде олардың айналым санын көрсететін ақша қаражатының айналымдық коэффициентімен қатар, олардың жеткіліктігін бағалауғамүмкіндік беретін ақша қаражатының айналым мерзімінің ұзақтығы анықталады
Ұаа.қ = АҚо х Ұр / АҚа,
мұнда Ұр – талдау мерзімінің ұзақтығы.
Инвестицияланған капиталдың айналымдылығы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестицияларының айналым жылдамдығын өзіндік дамуына инвестицияларды қоса сипаттайды.
Қак.и. = ҰN / (Ұи + Қи),
мұнда Ұи және Қи – ұзақмерзімді және қысқамерзімді инвестициялар.
Жұмыс істеп тұрған капиталдың айналымдылығы келесі формула арқылы есептеледі
Каж.к. = ҰN / Жк,
мұнда Жк – жұмыс істеп тұрған капитал.

58практикалық сабақ Кәсіпорынның нарықтық белсенділігі көрсеткіштерінің жүйесі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет