Материалдық айналым қаражат айналымдылығы коэффициенті кәсіпорынның қоры мен шығын айналымының санын көрсетеді, яғни оларды өткізу жылдамдығы
Кақор = SN / Ққ,
мұнда SN – өткізген өнімнің толық өзіндік құны, Ққ – қорлардың орта құны.
Дайын өнімнің айналымдығы коэффициенті
Каr = ДN / r,
Коэффициент оборачиваемости готовой продукции
Коr = ДN / r,
мұнда r – дайын өнімнің баланс бойынша құны. Ол дайын өнім айналымының жеделдігін көрсетеді. Оның өсуі өнімге деген сұранысты, ал төмендеуі – сұраныстың төмендеуімен байланысты дайын өніммен тауарландыруды дәлелдейді.
Дебиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті
Кад/қ = ДN/ Дқ,
мұнда Дқ – дебиторлық қарыздың орта мөлшері.
Бұл көрсеткіш қарыз және оның көлемі сапасын бағалауы үшін қолданылады, кәсіпорын берген коммерциялық кредиттің кеңейуі немесе төмендеуін көрсетеді. Егер коэффициент есеп-шот төлеуімен қалыптасатын өткізу табысынан есептелсе, оның өсуі кредитке сатудыдың қысқаруын дәлелдейді, ал төмендеуі – берілетін кредит көлемін ұлғайтуды дәлелдейті. Одан басқа, қарыз айналымының орта мерзімін Дт формула арқылы анықтау керек
Дад/қ = 360 / Кад/қ = Дқ х 360 / ДN.
Бұл көрсеткіш клиенттерге шығарылған есептерді төлеу үшін керек уақытты сипаттайды.
Кредиторлық қарыз айналымдылығының коэффициенті Как/қ = ДN/ Кқ,
мұнда Кқ – кредиторлық қарыздың орта мөлшері.
Бірегей қарыз айналымының орта мерзімі Кт анықталады
Дак/қ = 360 / Кка/қ =Кқ х 360 / ДN.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның қарызды қайтару орта мерзімін айқындайды.
Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті. Кәсіпорынның қаржылай тұрақтылығы негізгі шарттарының бірі – оның ағымды міндеттерін жабуды қамтитын ақша қаражатының ағылып келуі. Ақша қаражатының қажетті қорының жоқтығы кәсіпорында қаржылық қиындықтар болуы туралы айтады. Сол уақытта артық ақша қаражатының болуы инфляция және ақшаның бағасыздануымен байланысты кәсіпорын қиыншылығы туралы айтады. Ақшалай қаражаттың айналымдылық коэффициенті мына формула арқылы есптеледі
Каа/қ = АҚа / АҚо,
мұнда АҚа – мерзім бойынша ақша қаражатының айналымы, АҚо – ақша қаражатының орта қалдықтары.
Талдау мерзімде олардың айналым санын көрсететін ақша қаражатының айналымдық коэффициентімен қатар, олардың жеткіліктігін бағалауғамүмкіндік беретін ақша қаражатының айналым мерзімінің ұзақтығы анықталады
Ұаа.қ = АҚо х Ұр / АҚа,
мұнда Ұр – талдау мерзімінің ұзақтығы.