Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет82/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Ашық тексеру жұмыстарын - экономикалық және коррупциялық қылмыстармен күрес жүргізу бойынша жедел-іздестіру қызметкерлермен бірлесе отырып мамандар, ревизорлар немесе аудиторлар жүргізеді. Оларға мынандай құзіретгіліктер берілген: меншік түріне қарамастан кез-келген ғимараттарға еш кедергісіз кіру; меншік иесінің және куәгерлердің қатысуымен өндірістік ғимараттарға (көлік құралдарына, цех, қойма және т.б.) қарау әрекеттерін жүргізу, куәгерлердің қатысуымен қаржы-несие операцияларына, тауарлы - ақшалай операцияларға, технологиялық процедураларға қатысты қажетті құжатгарды алу; ғимараттарды, кассаларды, қоймаларды, сақтау орындарын мөрлеп жауып кету; материалды жауапты адамдар мен лауазымды және басқа да тұлғалардан түсініктеме алу; инвентаризация, сондай-ақ ревизия немесе аудит жүргізу талаптарын қою құқықтары берілген.
Инвентаризация дегеніміз (латын тілінде "инвентариум" - "мүлікті қаттау") - мүліктің, ақша қаражатының сақталуын, өзара есеп айырысудың дұрыстыгын тексеру. Инвентаризация - бұл бухгалтерлік есептің тәсілдерінің бірі болып табылады. Дегенімен де ол тергеу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Ұрлық және шабуыл жасап тонау қылмыстарын, сондай-ақ экономикалық қылмыстарды тергеу кезінде міндетті түрде инвентаризация жүргізіледі. Инвентаризация ұрлық және шабуыл жасап тонау қылмыстарына байланысты оқиға болған жерді қарап біткеннен кейін, дереу түрде жүргізіледі. Ал экономикалық қылмыстар бойынша инвентаризация - тексеру әрекеттері кезеңінде, болмаса тергеудің бастапкы немесе кейінгі кезеңдерінде де жүргізілуі мүмкін. Инвентаризация жүргізу арқылы тауарлы - материалдық құндылықтардың жағдайы және олардың сапасы, ақшалай қаражаттар мен қүлды қағаздардың бар-жоғы анықталады. Инвентаризация жүргізу үшін комиссия құрылады, олардың қүрамына міндетті түрде материалды жауапты тұлғалар, экімшілік өкілдері, бухгалтерлер кіреді, құрам қатарына, сонымен қатар жедел қызметкерлері де кіргізілуі мүмкін. Инвентаризация тергеушінің талабы бойынша жүргізілген жағдайларда міндетті түрде оның қатысуымен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет