Үшінші ірі еңбек бөлінісі - көпестер тобы бөлініп шыққанда болды. Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруашылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның пайда болуы мен дамуына жол ашты.
Бақылау сұрақтары:
1. Бухгалтерлік есептің пайда болу тарихы және қалыптасу кезеңдері
2. Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуы
3. Адамзат тарихындағы бірінші рет ірі еңбек бөлінісі
29. тақырып Талдау-аудит тексеруі ревизия.
1.Аудиттік тексеру туралы түсінік
2.Аудиттік тексерудің міндетті
3. Аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік- құқықтық құжаттар
4. Тексеру әрекеттерінің нәтижелері келесідей жағдайларда қылмыстық істі қозғауға
5. Инвентаризация туралы түсінік
6. Инвентаризация жүргізбес бұрын келесідей дайындық жұмыстары
7. Ревизия- туралы түсінік
Аудиторлық тексеру әрдайым белгілі бір уақыт шеңберінде өткізілу керек болғандықтан көп жағдайда қаржы шаруашылық қызметін жаппай тексеру мүмкін болмайды. Осыған байланысты субьектінің жекелеген ерекшеліктеріне байланысты аудит стратегиясының маңызы арта түседі.
Аудит стратегиясы тексерудің ең тиімді жолдарын таңдауға және аудитордың біліктілігіне, тапсырыс беруші мен аудиторлық ұйымның іскерлік қарым-қатынасына, яғни тапсырыс берушінің ерекшеліктерін білу дәрежесіне және тағы да басқаларға байланысты.
Аудит - міндетті және бастамашылық аудит болып екі түрге бөлінеді. Міндетті аудит кызметіне - зейнеткерлік каржы қорларының, сақтандыру компанияларының, коммерциялық банктердің есептілігі мен баска да қаржылық және шаруашылық тіркеулерді тексеру әрекеттері жатафы. Құқык қорғау органдарының бастамасы бойынша жүргізілетін тексеріс міндетті аудит қатарына жатады.
Аудиторлардын қажетті құжаттаманы талап етуге және тексеруге; шартка түсу негізінде мамандарды тексеріп отырған іске тартуға; аудит жүргізу әдістерін өз бетімен анықтап белгілеуге қүқықтары бар.
Аудитор тексеріс нәтижелері бойынша жасаған корытындыларын шартқа отырған субъектілерге немесе аудитті тағайындаған құқык корғау органдарына жібереді.
Аудиторлық тексеру уақыты өте шектеулі болғандықтан аудитор барлық операциялар мен құжаттарды тексере алмайды. Жаппай тексеру ең маңызды деген салаларда жүргізіледі, ал қалғандарына іріктеу жасалады, ол аудитті жылдамдатады және арзандатады. Аудит жүргізуге таңдалған операциялар мен құжаттар саны аудитордың бухгалтерлік есеп және ішкі аудит саласын бағалаумен байланысты болады. Бағалау неғұрлым жоғары болса, іріктеу көлемі соғұрлым аз болады және керісінше. Аудиторлық іріктеу көлемі екі жолмен анықталуы мүмкін:
1. Алдыңғы тәжрибеге сүйене отырып бағалау;
2. Қате болу мүмкіндігіне негізделген статистикалық әдістер;
Достарыңызбен бөлісу: |