Төлем қабілеттігі және қаржылық тұрақтылығы – кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қаржылық-экономикалық әрекетінің маңызды сипаттары. Егер кәсіпорын қаржылы тұрақты, төлемге қабілетті болса, ол ұқсас профильді басқа кәсіпорындар алдында инвестиция тартуда, кредит алуда, жабдықтаушыларды таңдағанда және квалификациялы кадрларды дайындағанда артықшылықты болады. Ол мемлекет және қоғаммен дауға бармайды, неге десе бюджетке уақытында салық, әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге – жалақы, акционерлерге – дивидендтер төлейді, ал банктерге кредиттерді қайтаруға және олар бойынша пайыз төлеуге кепіл береді.
Кәсіпорынның тұрақты жағдайының маңызды сипатының бірі – оның қаржылық тұрақтылығы. Ол кәсіпорын әрекеті шеңберінде жасалатын экономикалық орта тұрақтылығымен, сонымен қатар оның жұмыс істеу, оның ішкі және сыртқа факторлардың өзгерістеріне белсенді және тиімді әрекет ету нәтижесімен анықталған.
Қаржылық тұрақтылық бүкіл өндірістік шаруашылық әрекет процесінде қалыптасады, ол кәсіпорын тұрақтылығының бас компоненті болып саналады. Оның мәні қаржы ресурстарының тиімді қалыптасуымен, бөлінуімен жіне пайдалануымен анықталады.
Қаржылық жағдай сапасын анықтау- оның мерзім ішінде жақсару немесе жаман болу себептерін зерттеу, кәсіпорынның төлем қабілеттігін және қаржылық тұрақтылығын көтеру бойынша ұсыныстарды дайындау – қаржылық жағдайды талдаудың басты сәттері деп саналады. Бірақ қандай болса да кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды экономикалық талдаумен бірге өткізуі керек.
Қаржылық талдау әдістерінің процедуралық жақтарын бөлшектеу қойылған мақсаттарға, ақпараттық, уақыттық, әдістемелік және техникалық қамтамасыз етудің түрлі факторларына тәуелді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау – жалпы қаржылық талдаудың құрамды бөлімі.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін абсолюттік және салыстырмалыларға бөледі.
Қаржылық тұрақтылықтың абсолюттік көрсеткіштері – ТМШ-ды олардың қалыптасу көздерімен қамсыздану деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер.