Байланысты: аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)
Ктс = Мк:Ак Мұндағы:
Ктс - тәуелсіздік коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың жалпы сомасы).
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екендігін көрсетсе, алдағы уақытта қаржылық қиындықтардың азаятындығын көрсетеді.
Батыс экономистері тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сондықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.
Қаржылық талдаудан кітаптардың бірқатар авторлары инвесторлар мен несие берушілерді қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасы-на қатынасының ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді.
А.Д.Шеремет, А.М.Ковалев; В.П.Привалов, О.В.Ефимова және тағы басқалар бұл көрсеткіштің 0,5 деңгейдегі мәні кәсіпорынның барлық міндеттемелерін өз қаражатымен жабуды қамтамасыз ете алатын ең теменгі көрсеткіш бола алады деп санайды.
АҚШ және Еуропа елдерінде тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.
Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарықтық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).
Жоғарыда келтірілген меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау, қарызға берушілер үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгілеуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асырылады.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісім-шарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капиталдың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылымын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.
Әрине, авансталған капиталдың құрылымы жоғарыда қарастырылған жағ-дайларға тәуелді болады.
Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау кестесі құрылады. №2 қосымшадан кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9406 мың теңгеге немесе 28,9%-ға өскені көрініп тұр. Бұл өсу жылдың соңында 9681 мың теңге болған, яғни 5038 мың теңгеге, немесе 2 есе өскен, қатыстырылған капиталдың өсуінен болған бұл кезеңде тәуелсіздік коэффициенті 0,857-ден 0,769-ға дейін немесе 0,088 пунктке төмендеген. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) төмендегенін дәлелдемейді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді.
Ол мына формулармен анықталады: