Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтың маңызды көрсеткіш – бұл осы негізгі құралдардың тозу сомасының оны белгілі бір кезеңдегі бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталатын тозу коэффициенті.
Мүліктің және ағымдағы активтердің мобильділігінің өскеніне қарамастан , кәсіпорын басшылығы оның құрамындағы өзгерістердің негізділігін және оның себептерін бағалауы қажет, сондай-ақ кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жалпы сомасында маңызды көрсеткіштердің бірі болып саналатын және оның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын дебиторлық борышты талдауға басты назар аударуы қажет.
Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа , төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді.
Ең мобильді қаражаттар сомасының азаюы және айналым қаражаттарының мобильдік коэффициентінің жылдам төмендеуі кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің нашарлығын сипаттайды деп айтуға да болар еді. Алайда, нарық жағдайында айналым қаражаттарының төмен мобильділігі әрдайым теріс бағаланбайтындығын да ескерген жөн. Есеп айырысу шотында қаражаттар қалдығының аздаған сомасының бар болуы немесе болмауы әлі де кәсіпорынның төлем қабілетсіздігін көрсетпейді.
Қорыта келе, ең өтімді активтердің азаюы, өтімді емес, өтімділігі төмен тауарлы материалдық қорлардың жоғары мөлшерде бар болуы, дебиторлық берешектердің өнім мен қызмет сату көлемінің төмендеуі себебінен азаюы айналым қаражаттарының айналымдылығының бәсеңдеуіне әкеліп соқтыру және кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері әсерін тигізу ықтималының өте жоғарылығын айта кету қажет.
Бақылау сұрақтары:
1. Баланс активтеріннің құрамы мен құрлымы
2. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
3. Баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін анықтау
4. 2018 жылдың басымен соңындағы «Астана» АҚ-дағы баланс активтерінің құрамы мен құрылуын есептеу
5. Кәсіпорынның ағымдағы активтерінің құрамы мен құрылымы
Достарыңызбен бөлісу: |