Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Кт = Қк:Ак немесе Кт = 1 - Ктс



бет109/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Кт = Қк:Ак немесе Кт = 1 - Ктс
Мұндағы: Кт – т әуелділік коэффициенті;
Қк – қ атыстырылған капитал;
Ак – авансталған капитал (баланс валютасы, жиыны);
Ктс – тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,143=(1-0,857), ал жыл соңында 0,231=(1-0,769) болды. Жылдың басына және аяғына тәуелсіздік коэффициенті оның қалыпты мәнінен айтарлықтай жоғары.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті капиталдың қатыстырылған капи­талға қатынасын көрсететін қаржыландыру коэффициенті болып табылады.
Кқ = Мк:Қк
Мұндағы: Кқ - қаржыландыру коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Қк - қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын, соғұрлым банктер мен инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:
Кқ/м = Қк:Мк
Мұндағы: Кқ/м - қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының
коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Мк-меншікті капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:
жыл басында - 0,166=(4643: 27908);
жыл аяғында - 0,299=(9681: 32276).
Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 17 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік салымдардың әрбір теңгесіне 23 тиынға дейін көбейді.
Арнайы әдебиеттерде бұл көрсеткіш үшін қалыпты шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға) жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті салалы ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және айналым қаражатының айналу жылдамдығына байланысты болады. Материалдық айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық борыштың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен шектелуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет