20. Қаржылық бақылау – қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған ерекше қызмет.
21. Қаржылық тәртіп – бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.Қаржылық бақылау микро- немесе макродеңгейде жүргізіледі.
22. Макродеңгейдегі қаржылық бақылау – бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның іс-әрекетін бақылау.
23. Микродеңгейдегі қаржылық бақылау – меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субьектілер деңгейіндегі бақылау.
24. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы – халық шаруашылығындағы ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға, бөлуге және пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.
25. Коммерциялық есеп – негізді қағида және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізудің басты әдісі.
26. Бюджеттен тыс қорлардың арналымы – арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру.
27. Мемлекеттік кірістер - деп мемлекет меншігіне оның жұмыс істеуіне материалдық база құру үшін түсетін қаражаттар жиынтығы құралатын экономикалық қатынастар жүйесі түсініледі.
28. Мемлекеттік шығыстар - мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақшалай шығындарды білдіреді. Мемлекеттік шығыстар экономикалық категория ретінде қоғамдық өндірісті дамыту және жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарында жалпы қоғамдық өнімнің бөлігін бөлумен, қайта бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастар.
29. Жәрдем қаражаттар - беру кезінде қаражаттар қайтарымсыз тәртіппен бюджеттен және қаржыландырудың мақсатты қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың залалдарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді теңдестіру үшін бөлінеді.
30. Субвенциялар- халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі мақсатты мемлекеттік бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға қаржы көмегімен көрсетудің формасы; мақсатты пайдалануды бұзған жағдайда қаражаттар қайтарылады.