Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет24/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Экономиканың ашықтығы. Мұның мәні мекемелердің белгілі шарттарды сақтай отырып, экономикадан тыс байланыстарда еркін кәсіпкерлікті кеңейте түсу. Шетел фирмаларына жергілікті мекемелермен бірдей құқықта ішкі нарықта товар өндіруші ғана емес меншік иесі ретінде кірісуге берілген.
Бәсеке бабы. Бәсеке дегеніміз  іскерлікті қоздырудың ықпалды да тиімді құралы, ғылыми техникалық пргресс жетістіктерін пайдаланып өнім сапасын арттыру, тұтынушылардың құбылып отыратын мүдделерін қанағаттандыру. Әрине, бәсеке ең алдымен ұқсас өнімдер шығаратын кәсіпкерлерарасында туындайды.
Финанс және қаражат айналымына әсері. Егер орталықтанған экономика материалдық-заттық орындарды басқаруды қорлар жасау, өндірер заттың көлемін белгілеу арқылы жүргізсе, нарықтық экономика басқару жұмысын баға механизмі. Ақша, несие, банк, салық жүйелері арқылы жүргізеді.
Нарықтық баға қою жолдары. Нарықта баға деген сатушы мен алушы арасында саудаласу,сұраныс пен ұсыныс арасындағы қарымқатынас нәтижесінде қалыптасып,ауызша келісім немесе шарт жасасады.
Нарықтық бағада еркін баға деген түсінік бар. Оның тіркеулі бағадан өзгешелігі – ол ұдайы өсе береді.Біріншіден, әсіресе өтпелі кезеңде, мемлекет өзін-өзі ақтаудың орташа көрсекішіне сәйкестендіріп бағаның жоғарғы шегін бақылайды. Екіншіден, тұрақтандырылған экономикада әлдебір товардың жоғары табыс бере қалса, бәсекелестер ол товарды жарыса өндіріп сатады да бағаны құлдыратып жібереді. Сөйтіп қалыпты нарықта баға заттың өзіндік құнынан төмен емес, бірақ өзіндік құнның сомасы мен табыс өндірісті кеңейте беруден аспайды.
Шарт және контракт қатынастардың талаптарын сақтау нәтижесінде жоғарыдан басқару көлденеңнен басқарумен ауысады, яғни тең құқықты шаруа иелері өзара келіседі. Нәтижесінде негізінен серіктестік қарым-қатынас қалыптасады. Жалпы заңдылықты, ережелерді сақтау үшін бағыныштылық қатынасқа онша мән берілмейді. Толық мағыналы нарықта товар өндіру мен сату ғана емес қызметкерлер алу, босату, еңбек төлеу, мекемелерге несие беру де контракталық жағдайға көшіріледі.
Қазақстанда көп салалы экономика, оны нарық жолына салуға бағытталған қайта құру 1990 жылдардың басында басталды. Қазақстанды нарыққа көшірерде республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар ерекшеліктер бар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет