Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Инвестициялар – экономикалық санат ретінде



бет89/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Инвестициялар – экономикалық санат ретінде
Күделі қаржы салымдары (жұмсалымдары) – кейіннен пайда алу немесе əлеуметтік
нəтижеге қол жеткізу мақсатымен экономиканың түрлі салаларының объектілеріне
жұмсалатын мүліктік жəне зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері. Кəсіпорынның
деңгейінде күрделі қаржы жұмсалымдары – негізгі жəне айналым қорларының көлемін
ұлғайтуға жəне құрылымын жақсартуға жұмсалатын бір жолғы шығынның сомасы. Олардың
едəуір бөлігі жаңа негізгі қорларды жасауға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге, жаңартуға
жəне техникалық жағынан қайта жарақтандыруға жұмсалады .
Кəсіпорындар күрделі қаржы салымдарды жаңа өндірістік қуаттарды іске қосуға жəне
жұмыс істеп тұрған өндірістік қуаттарды қолдауға, еңбек жағдайын жақсарту жəне еңбек
өнімділігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға,
өнімнің сапасын арттыруға жұмсайды. Күрделі жұмсалымдар құрылыс – монтаж
жұмыстарына, жабдық сатып алуға, жобалау – іздестіру, геологиялық – барлау
жұмыстарына, кадрлар даярлауға жұмсалатын шығындарды қамтиды.
Инвестициялар – капиталдың ел ішіндегі жəне шетелдегі экономикаға пайда алу
немесе басқа да түпкілікті нəтижелерге қол жеткізу мақсатымен кəсіпорындарға, əлеуметтік
– экономикалық бағдарламаларға, жаңа жобаларға арналған ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар – экономикалық санат ретінде -қаржы инвестициясы – бағалы қағаздарды сатып алу (қоржындық инвестициясы);
-нақты инвестициясы - өндіріске, жабдықтар мен тұтыну заттарына қаражаттың ұзақ
мерзімді жұмсалымы;
-зияткерлік инвестиция – патенттер, лецензиялар, «ноу – хау» сатып алу,
-қызметкерлерді даярлау, ғылыми – зерттеу жəне тəжірибелік – конструкторлық талдамаларға
жұмсалым .
Нарықтық экономикада мемлекет те, акционерлік жəне сақтандыру компаниялары,
коммерциялық банктер, түрлі қорлар, жекелеген кəсіпкерлер де инвесторлар болуы мүмкін.
Инвестицияға қатысу сипатына қарай олар тікелей жəне тікелей емес түрлеріне
бөлінеді. Инвестициялау кезеңдері бойынша күрделі қаржы ұзақ жəне қысқа мерзімді
түрлеріне бөлінеді. Ал меншік нысаны қарай бірлескен, шетелдік, мемлекеттік жəне жеке
инвестициялар болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет