Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет96/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Нақты еңбек өнімділігі — берілген өндірістегі, берілген кәсіпорындағы жұмыс уақытының шығынымен, ал қоғамдық еңбектің өнімділігі — нақты және қоғамдық еңбектің шығынымен анықталады.
Ғылыми-техникалық прогрестің шамасына, өндірістің жетілдірілуіне қарай қоғамдық еңбек шығындарының үлесі ұлғаяды, өйткені жүмыскерді жаңа еңбек құралдарымен қамтамасыз ету өседі (қарапайым машинадан бастап, электронды кешендерге дейін). Бірақ, қазіргі таңда нақты енбектің де, қоғамдық еңбектің де шығындарының өнім бірлігін шығарудағы үлесі азаю бағыты бой алып отыр. Қоғамдық еңбектің өнімділігін арттырудың мәні осында.
Еңбек өнімділігі – кәсіпорында жұмыскерлердің нақты еңбегі мен қабілетінің нәтижесінде, белгілі бір жұмыс уақытында саны мен сапасы жоғары өнімді өндіру деңгейін сипаттайтын маңызды экономикалық категория.
Еңбек өнімділігі – бір жұмыскердің белгілі бір уақытта (сағат, күн, ай, тоқсан, жыл) істеген мезгілінде өндірілген өнім саны (еңбек өнімділігімен, жұмыс өнімділігімен) немесе өнімді өндіру бірлігіне жұмсалған еңбек шығынымен (еңбек сиымдылығымен) өлшенеді.
Өнімнің өндірілуі — еңбек енімділігінің кеңінен таралған, универсал шамасы. Шығарылатын өнімнің өлшем бірлігіне қарай натуралды түрдегі және жұмыс уақытының нормаланған шамасы көрсеткіштерімен анықталады.
Еңбек өнімділігін көрнекті түрде, өнімнің натуралды түрдегі шамасы ашып көрсетеді. Бұл — тонна, метр, дана т.б. сияқты шамалар. Бұндай өлшем бірліктерін біртекті өнім шығаратын кәсіпорындарда колданады.
Егер кәсіпорын немесе цех біртекті өнімнің бірнеше түрлерін немесе маркасын шығарса, онда өнімнің өндірілуі шартты бірлікпен анықталады. Мысалы, ақ нанның шартты көлемі, цементтің шартты көлемі т.с.с.
Өндірілген өнімнің ақшалай түрдегі шамасы, әр текті өнімді шығаратын кәсіпорындағы еңбек өнімділігін анықтау үшін қолданылады.
Нормаланған жұмыс уақытын қолдануда өнімнің өндірілуі норма-сағатпен анықталады, негізінен жұмыс орындарында, бригадаларда, учаскелерде сонымен бірге әртекті өнім шығаратын және ақшалай, табиғи түрде өлшеуге болмайтын цехтарда қолданылады.
Өнімнің өндірілуі көрсеткіштері жұмыс уақытын өлшеу бірліктеріне қарай ажыратылады. Өнімнің өндірілуі істелід біткен бір адам-сағатпен (сағатты өнімділік), істеліп біткен адам-күн (күндік өнімділік), орта тізімдік жұмыскердің жылдық, токсандык, айлык өнімділігі болуы мүмкін (жылдық, тоқсандық немесе айлык, өнімділіктер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет