Еңбек сыйымдылығы — жұмыс уақытының өнім бірлігін шығаруға кеткен шығынын көрсетеді. Ол
- барлық номенклатура бойынша көрсетілген бұйымдар мен қызметтер бойынша табиғи түрдегі өнім бірлігінде анықталады;
- кәсіпорындардағы өнім ассортиментінің көп болған жағдайында бір түрдегі бұйымдар бойынша анықталады.
Өнімнің өндірілуі шамасынан айырмашылығы, бұл шаманың бірқатар артықшылығы бар: өндіріс көлемі мен еңбек шығындарының арасындағы тікелей тәуелділікті орнатады, кәсіпорынның әр тұрлі цехтарының шыгаратын ұқсас бұйымдарының шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді.
Құрамға кіргізілетін еңбек шығындарына қарай еңбек сыйымдылығы келесі түрлерге ажыратады:
1)технологиялық еңбек сыйымдылығы — негізгі (кесімді, мерзімді) жұмысшылардың барлық шығындарын қамтиды, ЕСтех;
2)өндіріске қызмет көрсету еңбек сыйымдылығы — көмекші жұмысшылардың еңбегінің шығындарын қамтиды, ЕСқызм;
3)өндірістік еңбек сыйымдылығы — негізгі және көмекші жұмысшылардың еңбек сиымдылығы, яғни технологиялық еңбек сиымдылығы,
ЕСтех + өндірісте қызмет ету еңбек сиымдылығы, ЕСқызм:
ЕСөнд= ЕСтех + ЕСқызм,
(6)
4)өндірісті басқару еңбек сыйымдылығы — мамандардың, қызмет етушілердің, жетекшілердің еңбек шығындары (инженерлі-техникалық жұмыскерлердің, қызметкерлердің, қызмет көрсету қызметкерлерінің жөне күзетшілердің еңбек шығындарын қамтиды), ЕСбасқ;
- толық еңбек сыйымдылығы — өнеркәсіптік-өндірістік қызметкердің барлық сатыларындағы еңбек шығындарын көрсетеді
ЕСтолық=ЕСтех+ЕСқызм+ЕСбасқ=ЕСөнд+ЕСбасқ.
(7)
Қор қайтарымы – негізгі қорлардың пайдалану тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші.
Қор қайтарымын макроэкономика деңгейінде талдап, есептеу кезінде жалпы ішкі өнім және таза табыс туралы деректер, ал жекелеген салалар деңгейінде жалпы өнім, тауар және таза өнім туралы деректер пайдаланылады. Түрлі салаларда қор қайтарымының деңгейі әркелкі болады. Ол жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында жоғары; машина жасау мен металл өңдеуде, электроника мен көмір өнеркәсібінде едәуір төмен. Өндірістің техникалық деңгейін көтеру, негізгі қорлардың пайдаланылуын жақсарту, түбегейлі қайта жаңғыртуға және кәсіпорындарды техникамен қайта жарақтандыруға бағытталған күрделі қаржының үлесін көбейту қор қайтарымын арттыратын факторларға жатады.