Бақылау сұрақтары: 1.Еңбек өнімділігін талдау
2.Еңбек өнімділіғін талдау үдерісінде келесіне анықтау
3. Нақты еңбек өнімділігі
4. Еңбек өнімділігінің сипаттайтын көрсеткіш
5. Еңбек сыйымдылығы туралы түсінік
6. Еңбек шығындарына қарай еңбек сыйымдылығы келесі түрлерге ажыратады
7.Қор қайтарымдылығы
34. тақырып. НҚ дың қор қайтарымы, қор сиымдылығын талдау
2. Негізгі құралдарды бағалау түрлері
3. Негізгі құралдардың әдісі мен мөлшері
4. Негізгі құралдардың қозғалысын көрсететін мына коффициенттер
5. Негізгі өндірістік қорларды амортизациясының 4 әдісіне байланысты есептер
Негізгі қорларды бағалау - негізгі қорлардың құнын анықтау тәсілі. Негізгі қорлардың серпінін, шамасын, құрылымын, құрамын, тозуын есептеу үшін қолданылады; тозымпұлды (амортизацияны), өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын және тиімділікті есептеу үшін қажет.
Негізгі құралдарды бағалау түрлері Негізгі өндіріс қорын есепке алғанда және жоспарланғанда, сонымен бірге негізгі өндіріс құралдарының өндіріс құаттылығын анықтағанда табиғи және құн (ақшадай) түрдегі көрсеткіштері қолданылады.
Негізгі өндіріс құралдары былай бағаланады:
1.бастапқы құны бойынша (БҚ), оған қорға ие болғандағы құны (И) , оны жеткізу және құрастырып орналастыру шығындары кіреді (ЖҚО):
БҚ = И + ЖҚО;
2.қалпына келтіру құны бойынша, яғни оған негізгі құралдардың қайта бағалау нәтижесіндегі құны жатады
3.қалдық (баланстық) құны бойынша (ҚҚ), яғни бастапқы құнының немесе қалпына келтіріленген құнның жиналған өтелу сомасының айырмашылығымен анықталады.
ҚҚ = БҚ - ЖА
4.ағымдағы құны – негізгі құралдардың белгіленген күнге қолданыстағы нарық бағасы бойынша құны;
5.өткізу құны – бұл сатушы мен сатып алушы арасындағы негізгі қуралдармен айырбас жасау құны;
6.жойылу құны (ЖҚ) – негізгі құралдарды пайдалану мерзімінің соңында жою кезінде бөлшектеуге жұмсалған шығынды шегергенде қалатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардық болжалды құны;
7.негізгі құралдардың жыл басындағы құны, НҚб;
8.негізгі құралдардың жыл аяғындағы құны, НҚа:
НҚа = НҚб + НҚе – НҚш,
мұнда НҚе- негізгі құралдардың өндіріск ендірілген құны,
НҚш – негізгі құралдардың өндірістен шыққан (жойылған) құны;
9.кәсіпорын негізгі құралдардың ортажылдық құны негізгі құралдардың пайдалану деңгейін анықтау үшін керек. Мысалы, қорқайтарылымдық, қорсиымдылық, қормен қаруландыру көрсеткіштерін есептеу үшін.
НҚорт = НҚб + Σ(НҚе х t1 / 12) – Σ (НҚш х t2 / 12),
немесе
НҚорт = (НҚб+НҚа) / 2,
мұнда t1 – негізгі құралдарды жыл аяғына дейін жұмысқа ендірілген ай саны,
t2 – негізгі құралдарды жыл аяғына дейін тоқтап жұмыстан шығып қалған ай саны.
Мысалы, негізгі құралдар 1-ші маусымда іске қосылса, жыл аяғына дейін (яғни 31 желтоқсанға дейін) 7 ай істейді. Сондықтан t1 = 7 ай;
Егер негізгі құралдар 1-ші наурызда істен шығарылса, олар жыл аяғына дейін (31 желтоқсанға дейін) 10 ай істемейді. Сондықтан t2 = 10 ай.