Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


-1918 жж. Қазақстандағы саяси оқиғалар



Pdf көрінісі
бет9/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105
1.2. 1916-1918 жж. Қазақстандағы саяси оқиғалар 
мен мемлекеттік өзгерістер
 
1914  жылы  Ресей  империясы  бiрiншi  дүниежүзiлiк  соғысқа  тартылды. 
Бұл  империалистiк  сипаттағы  соғыс  барлық  халықтарға,  соның  iшiнде 
Қазақстанға да ауыр зардаптарын тигiздi. Ол патша шенеунiктерi мен жергiлiктi 
әкiм-қаралардың  және  байлардың  зорлық-зомбылығы  мен  озбырлығын 
күшейттi.  Соғыс  қажетiне  Қазақстаннан  көп  жылқы,  ауыл  шаруашылық 
өнiмдерi күштеп жиналып жөнелтiлдi. Жергiлiктi халықтан алынатын салық 3-4 
есе ұлғайды, шаруалардың iрi қара малы мен мал өнiмiн соғыс қажетiне алу да 
жедел  қарқынмен  жүргізілді.  Осының  бәрi  дәнді-дақыл  өсіретін  алаңдардың 
шектелуіне,  iрi  қара  мал  басының  саны  күрт  қысқаруына  әкеп  соқты.  Елдiң 
өнеркәсiбiндегi жалпы күйзелiс пен ауылшаруашылығының құлдырап күйзелуi 
салдарынан Қазақстанның экономикалық қуаты тым төмендеді. Қала мен ауыл 
тұрғындары, жалпы бұқараның күй жағдайы күрт төмендедi. 
 
Кәсiпорын  иелерiнiң,  жергiлiктi  бай  мен  әкiм-қаралардың  зорлық-
зомбылығы  1916  ж.  25  маусымда  Ресей  үкiметiнiң  “Бұратана  халықты 
мемлекеттiк  қорғаныс  жұмыстарына  пайдалану  тәртiбi  туралы  ереже” 
қабылдануына  байланысты  өткір  сипат  алды.  Жұмыстан  немесе  әкiмшiлiк 
ережелерi  мен  талаптарын  орындаудан  бас  тартқан  азаматтарды  қамауға  алу 
немесе белгілі  мерзiмге бас бостандығынан айыру, болмаса айып ретiнде ақша 
өндiрiп  алуға  кесетiн  болды.  Халық  өміріне  қажетті  азық-түлiктiң  екi-үш  есе 
қымбаттауы да халықтың наразылығын өшіндіре түстi.    
 
Қазақ  жастарын  майдан  жанындағы  қол  жұмысына  алу  жөнiндегi 
патшаның  1916  жылғы  25  маусымдағы  Жарлығы  халықтың  шыдамын 
жұқартып, оларды отарлау езгiсi мен еңбектегi қанауға қарсы көтерiлуiне себеп 
болды.  Қазақтардың  жасы  туралы  құжаттардың  көбінесе  болмауын 
пайдаланып,  болыс  билеушілері  мен  ауыл  ағамандары  тұрғындардың 
жастарының  асқандығына  қарамастан  кедей  жiгiттердi  майданға  жұмысқа 
алынатын  “қара  тiзiмге  қосты”,  ал  байлар    балаларының  жасын  өз  бетiнше 
үлкейтiп,  немесе  кiшiрейтiп  көрсетiп,  майдан  қызметіне  жiбермеудiң    амалын 
жасап бақты. 
 
Майдан  жұмысына  қазақ  жастарының  iшiндегi  кедей  балаларының 
алынуы  қалың  халық  арасында  зор  наразылық  туғызып  қазақ  өңірі 
тұрғындарының  үкіметке  қарсы  көтерілісіне  жол  ашты.  Соның  нәтижесінде 
елде  болыстық  басқармаларды  талқандау,  ауыл  старшындарын,  қатыгез, 
жағымсыз  билеушілерді  өлтiру,  iрi  қожайындардың  шаруашылықтарына 
шабуыл  жасау,  жер  сату  жөнiндегi  құжаттарды,  алым-салық  қағаздарын  т.б. 
жойып  жiберу  секiлдi  ашу-ыза  әрекеттерi  кең  қанат  жайды.  Сойыл,  кетпен, 
шалғы,  орақ,  мылтық,  қылышпен  қаруланған  қазақтар    байлардың  ауылдарын 
өртеп,  малдарын  айдап  әкету  әрекеттерi  күшейген.  Халықтың  үкiметке  және 


оның  жергiлiктi  өкiлдерiне  ереуiлдерi  мен  қарулы  көтерiлiстерi  нәтижесінде  
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiске әкеліп соқтырды. 
 
1916  ж.  таптық  және  езушiлiкке,  соғысқа  деген  өшпендiлiктiң  күшеюi 
жаппай  құбылысқа  айналды.  Соғыс  елдегi  жалпы-ұлттық  дағдарыстың  пiсiп-
жетiлу процесiн тездете түстi. Соның жарқын бiр нақты көрiнiсi Қазақстан мен 
Орта Азияның барлық аймақтарын түгел дерлiк қамтыған 1916  ж. ұлт-азаттық 
көтерiлiсi болды.  
 
Көтерiлiстiң  сипаты  мен  қозғаушы  күштерi.  Өзiнiң  сипаты  бойынша 
1916 жылғы халық қозғалысы отаршылдыққа пен қанаушылыққа қарсы, халық-
азаттық  қозғалысы  болды.  Қазақстандағы  көтерiлiс  Ресей  әкiмшiлiгi  үшiн  де, 
сондай-ақ жергiлiктi билеуші топтар үшiн де күтпеген жерден басталды.  
 
Көтерiлiстiң  негiзгi  себептерi  отарлық  езгiнiң  күшеюi,  жергілікті 
халықтың  қоныстарынан  қуылып  жерін  тартып  алынуы,  салықтар  мен 
алымдардың  шексiз  өсуi,  еңбекшiлердi  үстем  топтардың  қанауының  күшеюi, 
ұлттық  араздықтың  тереңдеуi,  соғысқа  байланысты  бұқара  халықтың 
жағдайының  күрт  төмендеуі,  орыстандыру  саясатының  кең    шеңбер  алуы 
болды.  Патша үкiметi  өзiнiң  Қазақ даласындағы басты мiндетiн империялық 
үкiмет  негiзiнде  орыс  мемлекеттiгiн  нығайту  деп  бiлгенi  кездейсоқ  емеc  едi. 
Сөйтіп,  1916  ж.  ұлт-азаттық  қозғалыс  қанаушыларға,  империалистiк  соғысқа 
және  қоғамдағы  үстем  топтарға  қарсы  болғанын  сол  оқиғаның  қарқыны  мен 
шеңберінен, нәтижесі мен салдарынан анық байқалады.  
Қозғалыстың  негiзгi  қозғаушы  күштерi  ауылдың  тұрғындары  соның 
ішінде мемлекеттік саясаттан көп зардап шегіп ызаланған ұлттық шаруалардың 
қалың  топтары,  жергiлiктi  жұмысшылар,  батырақтар,  қолөнершiлер.  Ал 
қоғамның  билеуші  топтары  үкіметке  адал  болып  көрінуге,  орталық  билікке 
жақсы  жағынан  көрінуге  ұмтылған.  Осы  тұжырымды  қозғалысқа  байланысты 
көптеген  мұрағат  материалдары  дәлелдейді.  Солардың  бірін  Торғай  уезд 
бастығы    мәлімдемесінен  көруге  болады.  Онда  былай  жазылған:  ”Уездегi 
қырғыз  халқы  арасындағы  толқу  тоқталар  емес,  әсiресе  әскер  қатарына  
шақырылатын жастардың көңiл-күйi тым дүрбелең. Казiргi уақытта олар көбiне 
өз ауылдарындағы беделдi де бай адамдардың малын ықтиярсыз тартып алып, 
өз беттерiмен әрекет iстеп жүр...”   
Көтерiлiстiң  өрiстеп  қарқындау  барысында  қазақ  ауылындағы  қарулы 
қарсылыққа  бейім  күштердiң  орналасуы  анық.  Қазақтың  демократияшыл 
зиялылары  көтерiлiстi  жақтап  шықты.  Олар  иемденушi-байлардың  сатқындық 
ниетiн  әшкереледi, халықты барлық ұлт топтарын отарлаушы патша үкiметiне 
қарсы шығуға ұран тастады, бұл үшiн мемлекеттiк Думаның мiнбесi (мұсылман 
фракциясы арқылы) мен “Қазақ” газетiн пайдаланды. Жергiлiктi жерлерде қазақ 
зиялылары  арасында  көтерiлiсті  қолдап  тіпті  кейбір  топтарына  басшылық 
еткендер  арасында  Торғай  облысында  Әлiби  Жанкелдин,  Аманкелдi  Иманов, 
Ұлжан Мағатжанов, Бәймен Алманов, Орал облысында - Сейiтқали Меңдешев 
пен Әбдiрахман Әйтиев, Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Атбасар даласында - 
Әдiлбек  Майкотов,  Ақмола  даласында  –  Сәкен  Сәйфуллин,  Жетiсуда  -  Тоқаш 
Бокин,  Бекболат  Әшекеев,  Сәт  Ниязбеков,  Сырдария  облысында  -  Тұрар 
Рысқұлов ж.б. болған. 


 
Көтерiлiстiң  басталуына  патшаның  1916  ж.  25  маусымдағы  майдан 
жанындағы  тыл  жұмыстарына  Қазақстанның,  Орта  Азияның  және  iшiнара 
Сiбiрдiң  19-дан  43  жасқа  дейiнгi  “бұратаналық”  ер  адамдарын  шақыру 
жөнiндегi  Жарлығы  негізгі  себеп  болды.  Қазақстанда  байырғы  халық  - 
Сырдария, Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарында тұратын - 
қазақтар, өзбектер, тәжiктер, түрiкмендер, дүнгендер мен ұйғырлардан 390 мың 
адамы  майдандағы  тыл  жұмыстарына  жiберiлуге  тиiс  болды.  Олардың  iшiнен 
мемлекеттiк  қызмет  атқарып  жүрген,  жергiлiктi  басқару  буындарындағы 
қызметкерлер,  түрлі  оқу  орындарында  оқып  жүрген  жастар  мобилизациядан 
босатылмақ  болған-ды.  Губернаторлар  қорғаныс  кәсiпорындарында  iстейтiн 
адамдарды,  отын  тасушыларды,  кеме  компанияларының  қызметшiлерiн  және 
басқаларын әскерге шақыруды кейiнге қалдыруға рұқсат алды.  
 
Кейiн  үкiметтiң  әскерге  тарту  жөнiндегi  шараларын  орындауға 
байланысты  мобилизациялаудан  босатылатын  адамдардың  шеңберi  едәуiр 
шектелді.  Болыс  және  село  мен  ауылдарды  басқарушылар,  атқамiнерлер, 
молдалар,  имамдар  мен  мүдерiстер,  байлар,  “байырғы”  халықтан  шыққан 
төменгi  шіндегі  полиция  қызметшілері,  дворян  және  құрметтi  азамат  құқы 
барлар да осы шарадан босатылды. 
 
Бұл Өкімді орындау мақсатында жергілікті болыстар, ауыл старшындары 
мен жоғарғы топ әскерге жарамды жасындағылардың тiзiмдерiн жасауға кiрiстi, 
соның  өзiнде  тiптi  майдан  жанындағы  қара  жұмыстарға  күштеп  жіберудің 
мәнiн  халық  арасында  түсіндіру  шаралары  да  жеткіліксіз  болды.  Қазақ 
арасында  туу  туралы  және  адамдардың  жасын  анықтайтын  басқа  да 
мәліметтердің  болмауын  шолақ  белсенділер  өз  мүддесіне  шебер  пайдаланып, 
жарлы жақыбай, кедей жiгiттерін жасын ескермей майдан қатарына жіберілетін 
тiзiмге  енгiзiп,  байлардың  балаларының  жасын  өз  дегенiнше  ұлғайтып  немесе 
төмендетіп  көрстеу  арқылы  әскер  қатарынан  босатты.  Жер-жердiң  заңсыздық 
етек  алып,  адамдарды  майдан  жұмыстарынан  босату  үшін  пара  беру  арқылы 
әрекеттері кең қанат жайды. Орталық үкiметтiң ресми шешімін бүркеніп, үстем 
топтар  өздерiнiң  және  жақындарының  орнына  басқа  жiгiттердi  қосты  немесе 
өздерiне толық қарыздар адамдарды - борышкер кедейлердi “реквизициялауға” 
күштеп иландырды. Ауыл әкiмшiлiгi “реквизицияланатын” адамдардың тiзiмiне 
өздерiне пайдасы жоқ адамдардың да (көбiнесе кедейлердiң) балаларын енгiздi. 
 
Осының  барлығы  Қазақ  даласын  көтерiлiс  жалынына  шарпыды. 
Көтерiсшiлер  майдан  жұмыстарына  шақыру  жасындағылар  тiзiмдерiн  күш 
арқылы  қолға  түсiрiп,  тіпті  жойып  жiберiп  отырды.  Сонымен  қатар 
болыстарды, ауыл старшындарын, “құрметтi” ақсақалдарды және басқа қызмет 
адамдарын өлтiрдi, iрi байларға шабуыл жасап, өсiмқорлардың үйлерiн өртедi, 
қарыздарлардың  қолхаттары  мен  сенім  қағаздарын,  жердi  сату  құжаттарын, 
салық қағаздарын өртедi. Мысалы, 11 шiлдеде Ақмола уезiндегi Бiрмола деген 
жерде  көтерiлiсшiлер  патша  әскеріне  ат  көлігін  жинап  жүрген  пристав  пен 
қолхат  жүргізушіні  соққыға  жықты;    12  шiлдеде  Қостанай  уезiнiң  Бестөбе 
болысының шаруалары болыстың ауылына шабуыл жасап, болысты өлтiрдi; 22 
тамызда сол уездегi Аққарға болысында “патша үкiметiне мойынсынуға кеңес 
бергенi үшiн” “құрметтi” ақсақал өлтiрiлдi.  


 
Сойылмен,  пышақпен,  орақпен,  шалғымен,  балтамен,  қолдан  жасалған 
мылтықпен, қылышпен қаруланған көтерiлiсшiлер билеушi топтардың ауылын 
талқандап,  малын  айдап  кетiп  отырды.  Шiлде  айының  соңына  қарай  Верный 
уезiнiң  Шығыс  және  Батыс  Кастек  болыстарында  олар  байлардың  жылқысын 
айдап  кеттi;  17  қыркүйекте  200  адамнан  құрылған  отряд  Павлодар  уезiнiң  iрi 
мүлік  иегері  Шормановтың  ауылын  шауып,  оның  4  мың  жылқысын  айдап 
әкеттi;  қазан  айының  iшiнде  Ырғыз  уезiнде  көтерiлiсшiлер  байлардың 
жылқысын талай рет айдап әкетiп отырған.  
 
Тамыз-қыркүйекте Жетiсу, Ақмола, Семей облыстарында, әсiресе Торғай 
өңiрiнде  бұқаралық  бас  көтерулер  бет  алды.  Қарулы  көтерiлiсшiлер  топтары 
қалыптасып,  олар  мемлекеттiң  жазалаушы  әскери  құрылымдарына  қарсы 
табанды  ұрыс  жүргiздi.  Көтерiлiстi  толастату  мақсатымен  үкiмет  тарапынан 
қабылданған:  «1916  жылғы  20  маусымдағы  “биылғы  жылдың  егiнiн  жинап 
алғанға  дейiн”  әскер  қатарына  шақыруды  тоқтата  тұру  жөнiндегi;  30  шiлдеде 
жер-жердiң  бәрiнде  әскер  қатарына  шақырудың  басталуын  1916  жылғы  15 
қыркүйекке дейiн қалдыру жөнiндегi ресми құжаттарға қарамастан уақыт өткен 
сайын жер-жердегi ұлт-азаттық көтерiлiс ұлғая түстi.   
 
Жетiсу  облысындағы  көтерiлiс.  Мұнда  1916  жылғы  шiлде  айының 
басында  Жаркент-Тараншы  болысының  Городское  селосындағы  тылдағы 
жұмыстарға шақырылу туралы үкiмдi орындаудан қазақ, ұйғыр және дүнгендер 
бас  тартты.  11  шiлдеде  Жаркент  уезiндегi  Иванов  болысының  тұрғындары 
болысты  және  басқа  қызмет  адамдарын  тұтқынға  алды.  Нарынкөл-Шарын 
учаскесiндегi  барлық  болыстық  кеңселерде  әскерге  шақырылатындардың 
тiзiмдерi  құртылды.  Осы  жылдың  7-8  шiлдесiнде  Верныйдың  маңындағы 
(Үшқоңыр)  және  онымен  шекаралас  болыстардағы  қазақ  халқының  өкiлдерi 
съезiнде тұрғындардың “реквизицияға” көзқарас туралы мәселе қаралды. Онда 
жастар майдан жұмысына жiберiлмесiн, әкiмшiлiк тарапынан күштеу шаралары 
қолданылған  ретте  телеграф  бұзылсын,  “майдан  жанындағы  қара  жұмысқа 
жіберілетін” адамдардың тiзiмi жойылсын деген шешiм қабылданды. 
 
Жетiсу  облысында  қарулы  қарсыластық  шiлде-тамыз  айларында  кең 
қанат  жайса,  ал  17  шiлдеде  империялық  үкімет  тарапынан  Жетiсу  мен 
Түркiстан  өлкесiнде  соғыс  жағдайы  жарияланды.  Патша  үкiмет  орындары 
мұнда  iрi  әскери  күштердi  жеткiзе  бастады.  Жергiлiктi  гарнизондарды 
нығайтып,  көтерiсшiлердi жазалау  үшiн  Жетiсудың  қоныс аударған халқының 
дәулеттi топтарынан қарулы жасақтар құрды. Ауқымды iрi қақтығыстары Асы 
мен  Қарқара  жайлауларында,  Самсы  станцасы  маңында,  Қастек,  Нарынқол, 
Шарын,  Қорам  өңiрлерiнде,  Лепсi  оязының  Садыр-Матай  болысында  және 
басқа  жерлерде  болды.  Қыркүйек  пен  қазан  айлары  басында  барлық  жағынан 
жазалаушы  әскери  құрамалар  қыспаққа  алған  жетiсулық  көтерiлiсшiлердiң 
едәуiр    бөлiгi  табан  тiрескен  шайқастармен  шегiнуге  мәжбүр  болып,  сөйтiп, 
олардың бір шамасы Батыс Қытайға өтiп кеткен. 
 
Жетiсудағы  көтерiлiс  басында  қазақтың  көрнектi  демократияшыл 
сауатты,  бiршама  революциялық  сындардан  өткен  Тоқаш  Бокин,  Бекболат 
Әшекеев  және  Н.  Сатыбеков  ж.б.  азаматтар  болған.  Жетiсу  облысында  патша 
әкiмшiлiгiне  қазақтар  ғана  емес,  олармен  бiрге  ұйғырлар  мен  дүнгендер  де 


белсендi  қатысқан,  осының  өзiнде  қозғалыс  қарулы  соқтығыстар  сипатына  ие 
болды. Жетiсулықтар отаршы үкiмет әскерлерiне қарсы батыл ұрыс жүргiздi. 
 
Жазалаушылармен  соңғы  ұрыс  1916  жылғы  қыркүйектiң  аяғында  Қапал 
уезiндегi Вежа өзенiнiң маңында болды. Көтерiлiсшiлердiң әскерлерi жеңiлiске 
ұшырап, қалғандары тауға кеттi. Бұл аймақтағы көтерiлiс 1916 жылғы қазанда 
басып-жаншылды.  Патша  жендеттерi  көтерiлiсшiлердi  ғана  емес,  бейбiт 
халықты да жазалады. Ондаған қазақ және қырғыз ауылдары қиратылып талан-
таражға түсті. Ресей отаршы үкiметiнiң әскерлерi қудалаған 300 мыңнан астам 
қазақтар мен қырғыздар туған жерiнен көшiп кетуге мәжбүр болған. 
 
Көтерiлiс басшыларының кейбiреулерi ғана жазалаудан жасырынып аман 
қалды.  Неғұрлым  табанды  қарсылық  көрсеткен  ауылдар  күйзелдi.  Олардың 
малын  айдап  әкетiп,  мүлкiн  талан-таражға  салды.  Сотсыз-тергеусiз 
атылғандарды,  жазалаушылар  мен  қаралаушы  әскерлердiң  қолынан  қаза 
тапқандарды есептемегеннiң өзiнде әскери сот бекiткен үкiмдерi бойынша ғана 
Түркiстан өлкесiнде 1917 жылғы 1 ақпанға дейiн 347 адам өлiм жазасына, 168 
адам  бас  бостандығынан  айрылып  жер  аударылса,  129-ы  бас  бостандығынан 
айрылған. Ал ұлт-азаттық қозғалыстың негізгі ошағы, яғни Торғай және Батыс 
Қазақстан  өңірлері  тұрғындарының  жазаға  тартылғаны  орташа  есеппен 
келтірілген мәліметтерден бірнеше есе артық. 
 
Сырдария,  Ақмола,  Семей,  Орал  облыстарындағы  және  Бөкей 
ордасындағы  толқулар  бұқаралық  бас  көтерулер  “бұратана”  халықты  тылдағы 
жұмыстарға  күштеп  тарту  туралы  патша  үкiмi  жарияланғанан  кейiн  iле 
басталған  едi.  Алғашқы  толқулар  11  шiлдеде    Ташкенттегi  қазақ,  өзбек  және 
қырғыздар  арасында  өрiс  алды.  Көтерiлiсшiлер  билеушi  топтар  мен  Ресей 
әкiмшiлiк өкiлдерiн жазалады, болыстардың мал-мүлкiн құртып, полиция және 
үкiмет әскерлерiмен соқтығысты. 
 
Сол кездегi әскери басшылардың деректерiнде “тәртiпсiздiктердi байырғы 
әкiмшiлiк шендерiнiң тылдағы жұмысқа алынатын жұмысшылардың тiзiмдерiн 
жасауына  қарсылық  көрсетiлуiнен  көрдi,  соның  iшiнде  байырғы  әкiмшiлiктiң 
шендi алты адамы өлтiрiлдi” делiнген. 24 маусымда елең-алаңда құрамында 50-
ге  тарта  адамы  бар  қазақ  әскери  құрамасы  билеушінің  үйiне  (Перовск  уезi) 
шабуыл  жасап,  тіпті  болыстың  өзiн  және  іс-қағаз  жүргізушісін  (писарь) 
өлтiрген.  Сонан  соң  қарсылықтық    жер-жерге  тарап  кеткенi  жөнiнде  бiр 
хабарламада: «Болат болысында 5 мыңға тарта адам бар қыруар тобы жиналып 
жатыр;  Шымкент  жолы  бойында  7-8  мыңнан  құралған  тобырдың  жиналып 
жатқаны байқалады»,- деп баяндалған.  
 
1916  жылғы  тамыз  айының  басында  көтерiлiс  Сырдария  облысының 
барлық  уездерiн  қамтыды.  Көтерiлiсшiлер  уезд  орталықтарына  таяу  жерлерге 
жиналып,  казак  әскер  топтарына  шабуыл  жасап  отырды.  Әулиеата  уезiнiң 
жекелеген  аудандарында  (Мерке  маңында),  Алматы,  Арғын,  Аспары,  Ашын 
және  Ботамойнақ-Алмалы  болыстарындағы  Шымкент  уезiнiң  Ақсу,  Қаракөл 
болыстарындағы  көтерiлiс  ұзаққа  созылды.  Осы  жылғы  қыркүйектiң  аяқ 
шенiнде  Сырдария  облысындағы  көтерiлiс  аяусыз  басылып-жаншылды. 
Жекелеген  ауылдар  отаршы  үкiметi  орындарына  бағынбай,  Торғай  облысына 


қоныс  аударып,  мұнда  Аманкелдi  Иманов  көтерiлiсшi  құрама  қатарына 
қосылды. 
 
Қазақстанның  басқа  да  өңiрлерiндегi  сияқты  Ақмола  және  Семей 
облыстарында көтерiлiстiң мобилизацияға ашық қарсылық бiлдiру сипаты анық 
болды. Мәселен, 1916 жылғы 17 шiлдеде Шерубай-Нұра болысының қазақтары 
Н.Олжабаев  пен  Қ.Распаевтiң  бастауымен  болыстық  үй-басы  тiзiмiн  болыс 
әкiмiнен  тартып  алды;  Зайсанда,  Баянауылда  (Павлодар  уезi),  Қарқаралыда 
“бiрде-бiр  қазақ  қаралуға  келген  жоқ,  тыл  қызметіне  шақыру  міндеттілердің 
бәрi тығылып қалды”,- деп жазылған уез басшысының мәлімдемесінде.  
 
Ақмола  облысының  8  болысының  көтерiлiсшiлерi  негiзiнен  Қорғалжын 
көлiнiң  маңына  жиналды,  ал  кейiн  оларға  Атбасар  уезiнiң  оңтүстiк-шығыс 
аймағындағы  бес  болыстың  көтерiлiсшiлерi  қосылған.  22  шiлдеде  Петропавл, 
Ильинск, Смайыл, Меңгiсерi және басқа болыстарда тәртiпсiздiктер бой алды.  
 
“Қырғыздардың  неғұрлым  көп  тобы  Зайсан  уезiнде  (бiрнеше  топ, 
әрқайсысында  мың  адамнан  астам),  Семей  уезiнде  -  7  мың  адамнан  құралған 
топ,  Өскемен  уезiнде-кейбiреулерiнде  3  мыңға  тарта  адам  басы  біріккен 
бiрнеше  топ,  Ақмола  уезiнде,  Қорғалжын  көлiнiң  маңында  және  Ереймен 
тауларында  -  5  мыңға  тарта,  Атбасар  уезiнде,  Ұлытау  маңында  -  7  мың  адам, 
Қосағаш  ауданында  2  мыңға  тарта  қырғыз  жиналған”,-  деп  баяндалған  Омбы 
әкiмшiлiгi хабарламасында.  
 
1916  жылғы  26  қыркүйекте  Көкшетау  уезiндегi  Қожас  деген  жердiң 
маңында  көтерiлiсшiлер  казак  әскерлерiнiң  отрядына  шабуыл  жасады.  27 
қыркүйекте Ақмола уезiнiң Қоржынкөл болысында да қарулы қақтығыс болды. 
Ал  қазанның  3  -  4-ші  жұлдыздарында    осы  уездiң  Айнабұлақ  деген  жерiнде 
жазалаушы  отрядтармен  екi  iрi  ұрыс  өттi.  Көтерiлiсшiлердiң  жанқиярлы  іс-
қимылдарына  қарамастан,  озық  қарумен  жасақталған  патша  әскерлерi  1916 
жылғы  қазан  айының  аяғында  Семей  және  Ақмола  облыстарында 
көтерiлiсшiлердi  баса  алды.  Бұл  соққыдан  кейiн  олардың  бiраз  тобы  Торғай 
уезiне  өтіп  Аманкелдi  Имановтың  отрядына  қосылып  1917  жылға  дейiн 
Атбасар көмiр өндіруші кендерi маңында қарсылықты жалғастырды.  
 
Ақмола  және  Семей  облыстарындағы  көтерiлiс  басып-жаншылғанымен, 
халықтың  күресi  жалғаса  бердi.  Кең  қанат  жайған  қуғын-сүргiнге  қарамастан, 
әскер  қатарына  шақырылуға  тиiстi  ерлер  жинақ  нүктелерiнен  келуден 
жалтартты. Семей облысы бойынша 5 қарашаға дейiн майданға аттануға тиiстi 
85479 қазақтың 50479-ы жинақ орындарына барудан бас тартты.  
 
Осы жылдың шiлде-тамыз айларында Орал облысы мен Бөкей ордасында 
да  патша  үкемiтiнiң  бұл  жарлығына  ашық  тіпті  қарулы  қарсылықтар  болып 
өттi.  Орал  облысы  бойынша  майдан  жанындағы  қызметке  шақырылуға  тиiстi 
50270 адамның iшiнен 32 мыңнан астам жiгiт шақыру орындарына келуден бас 
тартқан.  Бөкей  ордасында,  Темiр  және  казіргі  Атырау  (Гурьев)  уездерiнде 
қозғалыс  1916  жылғы  шiлденiң  орта  шенiнде  жазалаушы  отрядтарға  қарсы 
қарулы  соқтығыстарға  ұласты.  Қозғалыс  әсiресе  Темiрде,  Маңғыстау  көшпелi 
тұрғындары  арасында  ерекше  қарқын  алып  тіпті  бұқаралық  шеңберге  дейін 
ұлғайған.  Бұл  қозғалыстар  ұйымдық  жағынан  әлсiз  болып  оған  қатысушылар 
көбінесе өз бетімен іс-әрекет жасаған.  


 
1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерiлiстiң  ең  бұқаралық,  ұзақ  мерзімге 
созылған,  табанды  және  ұйымдасқан  көтерiлiсi  Торғай  облысының  Торғай, 
Ырғыз,  Ақтөбе  және  Қостанай  жерлерінде  болды.  Көтерiлiсшiлер  поштаға 
шабуыл  жасап,  темiр  жол  төсенішін  бұзу  әрекеттерін  қолданған.  Болыс 
басқармаларын ұрып соғып кейбіреулерін өлтiруге дейiн барған. Оған халыққа 
өзінің  айбынды  және  төзімсіз  іс-шеберлігімен  танылған  Аманкелдi  Иманов 
басшылық  еттi.  Ол  1873  жылы  Торғай  уезiнiң  Қайдауыл  болысындағы 
ауылдардың  бiрiнде,  кедей  отбасында  дүниеге  келген  едi.  Әкесiнен  ерте 
айрылған  ол  байлардың  есiгiнде  жүрiп,  бала  күнiнен-ақ  жоқшылық  пен 
мұқтаждықтарды көп көрдi. 
 
Аманкелдiнiң  өзiн  сардарбек  (бас  қолбасшы)  деп  атады.  Көтерiлiсшiлер 
бақылайтын  аудандарда  бұрынғы  ауыл-болыс  әкiмшiлiгi  басқарудан 
шектетiлiп,  үкiмет  билiгi  iс  жүзiнде  көтерiлiсшiлердің  қолына  көштi.  Қазан 
айының  аяғында  көтерiлiсшiлер  Ырғыздан  Торғай  мен  Қарабұтақ  елді 
мекендеріне дейiн барлық пошта бекеттерi мен байланыс желiсiн өз қолдарына 
алған. 
 
22  қазанда  А.  Иманов  бастаған  15  мың  көтерiлiсшi  Торғай  қаласын  үш 
күн  бойы  қоршап  қалаға  үш бағыттан шабуыл  жасаушы  генерал-лейтенант  А. 
Лаврентьевтiң  жазалаушы  әскер  тобына  қарсы  тұрды.  Отарлаушы  үкiметтiң 
жазалаушыларының  қаруланған  негiзгi  күштерi  жақындап  қалғандығы  туралы 
хабар  алып,  көтерiлiсшiлер  Торғайды  қоршауын  қойды  және  патша  әскерлерi 
құрамаларының  алдынан  шықты.  Көтерiлiсшiлер  мен  жазалаушылардың 
арасындағы  айқастар  Татыр,  Ақшыған,  Доғал-Үрпек,  Күйiкті  деген  жерлерде 
өткен аса шиеленісті жәйтте өткен. А.Имановтың штабы орналасқан Батпаққара 
маңындағы  ұрыстар    аса  шиеленiстi  өтіп,  1917  жылдың  ақпан  айының  екiншi 
жартысында  кең  құлаш  жайды.  Cол  шайқастарда  көтерiлiсшiлер  ақпан 
буржуазиялық-демократиялық революциясын қарсы алған. 
 
1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  сипаты  жағынан  қазақ  халқының 
патша  үкiметiнiң  отарлау  саясатын  жүргiзу  барысында  жойылып  кеткен 
дәстүрлi  саяси  құрылымды  қалпына  келтiруге  бағыт  алған  шаралар  iске 
асырылды.  Сөйтiп,  Торғай  өңiрiндегi  көтерiлiсшiлер  Әбдiғаппар  Жамбосын 
ұлын  хан  көтерiп,  Иран,  Ауғанстан  сияқты  елдер  мен  елшiлiк  және  басқа  да 
еларалық қатынас орнатуға да ұмтылыстар болған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет