Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет6/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105
Байланысты:
abdullaev na kazakstannyn kazirgi zamangy tarikhy

 
ТІРКЕМЕЛЕР-----------------------------------------------------------------------321 бет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


К І Р І С П Е 
 
Қазіргі  заманғы  Қазақстан  аумағы  2724,9  мың  шаршы  км-ге  тең.  Жері 
көлемі  жағынан  республика  әлемде  ең  ірі  мемлекеттердің  қатарында.  Ресей, 
Канада,  Қытай,  АҚШ,  Бразилия,  Аустралия,  Үндістан  және  Аргентина 
мемлекеттерінен  кейін  9-шы  орын  алады.  Казіргі  Қазақстан  территориясы 
Франциядан  5  есе,  Италиядан  9  есе,  Англиядан  11  есе  үлкен.  Мысалы,  біздің 
жерімізге  Ұлыбритания,  Франция,  Испания,  Германия,  Аустрия,  Нидерланд 
және  Жапония  мемлекеттері  сыйып  кетер  еді.  Қазақстан  Еуразия  материгінің 
орталығында  орналасқан,  екі  дүние  бөлігін  қамтиды.  Кіші  батыс  аймағы 
Еуропада,  ал  көлемді  шығыс  аймағын  Азия  алып  жатыр.  Жайық  өзенінің  екі 
жағында орналасқан Атырау қаласы тұрғындарының Еуропа мен Азияға күнде 
саяхат жасауға мүмкіндіктері бар.   
Физикалық-жағрафиялық  жағынан,  Қазақстан  Тынық  және  Атлант 
мұхиттары, сондай-ақ Үнді мен Солтүстік Мұзды мұхиттарынан бірдей дерлік 
қашықтықта  орналасқан.  Оның  бұндай  су  бассейіндерінен  шалғай  болуы  әрі 
аумағының  кеңдігі  ауа  райының  айрықша  ерекшелігін  қалыптастырады. 
Қазақстан  батысында  -  Еділдің  төменгі  ағысынан,  шығысында  -  Алтай 
тауларының  етегіне  дейін  3000  км-ге,  солтүстіктегі  -  Батыс  Сібір  жазығынан, 
оңтүстіктегі  Қызылқұм  шөлі  мен  Тянь-Шань  тауларына  дейін  1650  км-ге 
созылып жатыр.  
Сөйтіп,  республиканың  жағрафиялық  орналасуы  оның  табиғат 
жағдайларының  әр  келкі  екенін  анықтайды.  Қазақстан  қоңыржай  белдеудің 
орта  және  оңтүстік  ендіктерінде  орналасқан.  Дәл  сол  ендіктердегі  Шығыс 
Еуропа  қоңыржай  континенттік  ауа  райымен,  ал  Батыс  Еуропа  субтропиктік 
сипатымен  ерекшеленсе,  Қазақстан  шұғыл  континенттік  ауа  райымен  көзге 
түседі.  Қазақстан  аумағы  табиғатының  бір  шетінің  екінші  шетінен 
айырмашылығы  ерекше.  Мәселен,  оңтүстік  тау  етектерінде  шие  мен  өрік  гүл 
атқан  кезде,  республиканың  солтүстігінде  суық,  қарлы  боран  соғып  тұрады. 
Жағрафиялық  орнына  қарай  республика  жерінде  орманды  дала,  дала,  шөлейт 
және  шөл  зоналары  қалыптасқан.  Республиканың  батыс  шеті  (46°30'  ш.б.) 
Эльтон  және  Басқұншақ  көлдері  маңына,  ал  шығыс  нүктесі  (87°20'  ш.б.) 
Бұқтырма  өзенінің  бастауына  сай  келеді.  Ендік  бойымен  батыстан  шығысқа 
қарай,  материк  ішіне  енген  сайын,  климаттың  континенттігі  арта  түседі. 
Қазақстанның 
оңтүстік-шығысы 
мен 
шығыс 
таулы 
өңірлерінде 
ландшафттардың  күрделене  түсетін  алуан  түрлі  биіктік  зоналары  байқалады. 
Қазақстанның  жағрафиялық  орналасуына  байланысты  барлық  өңірлерінде 
жылдың  төрт  мезгілінің  ауысуы  айқын  байқалады.  Қазақстан  Каспий  теңізі 
арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ - Дон каналы арқылы 
Азов  және  Қара  теңіздеріне  шығу  мүмкіндігі  бар.  Еліміздің  көп  бөлігі  жазық, 
далалы,  үстіртті  болып  келеді.  Ол  алуан  түрлі  шаруашылық  жұмыстарын 
дамытуға қолайлы ықпалдар береді. 
2015  жылдың  3  ақпанында  Елбасы  Қазақстанда  кезектен  тыс 
Президенттік сайлау өткізу мүмкіндігін белгілейтін Заңға қол қойды "Мемлекет 
басшысы  еліміздің  Конституциясына  толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізуге 


және  Қазақстанда  кезектен  тыс  Президенттік  сайлау  өткізу  мүмкіндігін 
белгілейтін  «Қазақстан  Республикасындағы  сайлау  туралы»  және  «Қазақстан 
Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңдарды іске асыруға 
бағытталған  «Қазақстан  Республикасының  кейбір  конституциялық  заңдарына  
толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізу  туралы»  Конституциялық  заңға  қол 
қойды".  1)  «Қазақстан  Республикасындағы    Сайлау  туралы»  Конституциялық 
заңында  кезектен  тыс  Президенттік  сайлау  ҚР  Президентінің  шешімімен 
тағайындалады  және  ол  тағайындалғаннан  кейін  2  ай  мерзімде  өткізіледі. 
Президенттің  кезектен  тыс  сайлауы  осы  Конституциялық  заңда  Президенттің 
кезекті  сайлауы  үшін  белгіленген  қағидаларға  сәйкес  өткізіледі.  Сайлау  іс-
шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды. 
Президент 
кезектен 
тыс 
сайлауда 
сайланған 
жағдайда 
не 
Конституцияның  48-бабында  көзделген  жағдайда  өз  өкілеттігін  қабылдағанда, 
ант  беру    президенттік  сайлау  қорытындысы  жарияланған  не  Республика 
Президентінің  өкілеттігін  қабылдаған  күннен  бастап  бір  ай  ішінде  өткізіледі. 
Бұл  жағдайларда  ант  беру  күнін  Республиканың  Орталық  сайлау  комиссиясы 
айқындайды.  Ант  беру  салтанатты  жағдайда  Парламент  депутаттарының, 
Конституциялық  Кеңес  мүшелерінің,  Жоғарғы  Сот  судьяларының,  сондай-ақ 
Республиканың  барлық  бұрынғы  Президенттерінің  қатысуымен  өткізіледі. 
Кезектен тыс сайлауда сайланған Республика Президентінің өкілеттігі кезектен 
тыс  сайлаудан  кейін  бес  жылдан  соң  желтоқсанның  бірінші  жексенбісінде 
өткізілуге тиіс кезекті сайлауда  сайланған Республика Президенті  лауазымына 
кіріскенге дейін жүзеге асырылады 
31  қаңтар  күні  Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  Қазақстан 
Республикасы  Конституциялық  Кеңесінің 2011 жылғы 14 қаңтарда  Парламент 
қабылдаған,  ҚР  Тұңғыш  Президенті  -  Елбасының  Президенттік  өкілеттігін 
референдум 
арқылы 
ұзарту 
мүмкіндігін 
қарастырған 
Қазақстан 
Республикасының  Конституциясына  өзгерту  мен  толықтыру  енгізу  туралы 
Заңды  Конституцияға  сәйкес  емес  деп  таныған  қаулысына  байланысты 
Қазақстан  халқына  Үндеу  арнады.  Президент  Үндеуінде  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  өкілеттігін  2020  жылдың  6  желтоқсанына  дейін 
ұзарту  жөніндегі  референдумды  өткізбеу  туралы  шешім  қабылдағанын,   
Қазақстанда    мерзімінен  бұрын  Президент  сайлауын  өткізу  туралы 
Парламентке ұсыныс енгізетінін айтты. 
1  ақпанда  ҚР  Парламенті  Мәжілісінің  кезектен  тыс  жалпы  отырысында 
палата депутаттары «ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен 
өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын  өндіріске алды. Ал  3 ақпан күні түске 
дейін  Төменгі  палата  депутаттары  «ҚР  кейбір  Конституциялық  заңдарына 
толықтырулар  мен  өзгерістер  енгізу  туралы»  ҚР  Конституциялық  заңының 
жобасын мақұлдап, оны Санатқа жіберген болатын. Түс ауа Сенат Қазақстанда 
мерзімінен  бұрын  Президенттік  сайлау  өткізуді  қарастыратын  аталмыш  заңды 
қабылдап, Мемлекет басшысының қол қоюына жіберген болатын.  
Заманауи  әлемде  жаһандануды  жақтаушылар  және  өзіндік  ұлттық 
ерекшелікті сақтап қалғысы келетіндер арасында кереғар пікірлер бар. Әсіресе, 
көпэтникалық  мемлекетте  мұндай  мәселелер  өзекті.  Ал  қазіргі  кезде 


дүниежүзіндегі 
мемлекеттердің 
90% 
көпэтникалық. 
Моноэтникалық 
мемлекетте  демографиялық  саясатты  жүргізудің  біршама  жеңілдірек  екендігі 
белгілі.  Дегенмен,  дүниежүзіндегі  мемлекеттердің  10%  ғана  халық  құрамы 
жағынан гомогенді. Мәселен, Қазақстан Республикасының этникалық көрінісін 
әр түрлі 130-дан астам этникалық топ құрайды. 
Қазақстан  әлемдегі  адамдардың  территориялық  орналасуы  жағынан  аз 
қоныстанған  елдердің  бірі.  Мысалы,  Қазақстан  Республикасы  Статистика 
агенттігінің  мәліметтері  бойынша  2016  жылы  басында  халық  саны  17,5  адам 
болған.  Халықтың  орналасу  тығыздығы  бір  шаршы  кмге  5,9  адамнан  келеді. 
Казіргі  Қазақстан  территориясы  жағынан  дүниежүзінде  Ресей,  Қытай,  АҚШ, 
Аргентина,  Бразилия,  Канада,  Үндістан  және  Австралиядан  кейін  тоғызыншы 
орынды  алса,  ТМД  елдерінің  ішінде  екінші  орынды  алады.  Территориямыз: 
2724900  шаршы  километр.  Қазақстан  Республикасының  құрлықтағы 
мемлекеттік  шекарасының  ұзындығы  -  13392,6  км,  оның  ішінде  көршілес 
жатқан  мемлекеттермен  шекарасының  ұзындығы:  Ресей  Федерациясымен  - 
7591,0  км,  Өзбекстан  Республикасымен  -  2351,4  км,  Қырғызстан 
Республикасымен  -  1241,6  км,  Қытай  Халық  Республикасымен  -  1782,8  км, 
Түркменстан Республикасымен - 425,8 км.  
Мұндай жағрафиялық жағдайдың Қазақстан үшін біршама  қиындығы де 
бар.  Өйткені,  көршілес  жатқан  шамадан  тыс  қоныстанған  мемлекеттердің 
кейбірінің  «демографиялық  қысымына»  ұшырауы  мүмкін.  Ал  бұл  ұлттық 
қауіпсіздігімізге  қатер  және  этносаралық  қатынастарды  тұрақсыздандыруы  да 
мүмкін. 
Тәуелсіз  мемлекеттің  өзекті  көрсеткіштерінің  бірі  ол  халық  санындағы 
көрініс  болып  табылады  немесе  демографиялық  үдеріс,  тенденция. 
Демографиялық  қауіпсіздікке  қатер  төндіретін  жағымсыз  құбылыстар  мен 
үдерістерді  болжап  және  оның  алдын  алу  өте  қажет.  Яғни,  демографиялық 
жағдайды жан-жақты талдау жинақталған, өз шешімін күтетін демографиялық 
мәселелердің  да  барын  көрсетеді.  Осымен  қатар,  белең  алған  экономикалық 
дағдарыс  демографиялық  жағдайдың  өзгеруіне  және  көптеген  күрделі 
мәселелердің туындауына алып келеді. 
Елбасы  Н.Ә.  Назарбаев  2008  жылдың  29  мамырында  Ақордада  бір  топ 
қазақ  тілді  БАҚ  басшыларымен  кездесіп,  ұлттық  жаңғыру  және халқымыздың 
бәсекеге қабілеттілігі аясындағы келелі мәселелер бойынша берген кең көлемді 
сұхбатында: «ата-бабамыздан қалған жеріміз далиған дала. Халқымыз аз. Мына 
жақтағы Ресейге қарасақ та, мына жақтағы Қытайға қарасақ та біз азбыз. Өзбек 
ағайындармен  салыстырғанда  да  көп  емеспіз.  Сондықтан  да  біз  халықтың 
сапасына  қатты  назар  аударуымыз  керек.  Дегенмен  көптің  аты  көп.  Мысалы, 
дүниежүзінде  қандай  қобалжу,  қандай  қозғалыс  болып  жатса  да  Қытай  былқ 
етпейді,  себебі  өзінің  базары  өзіне  жетіп  жатыр,  шығарған  өнімнің  барлығын 
өзінің халқы сатып ала алады. Ресей де солай. Тіпті 70 миллиондай халқы бар 
Түркия да солай. Бес Франция сыйып кететін осындай алып территорияда 2015 
жылдың басында небәрі 15 миллион 700 мыңнан астам адам тұрған. Сондықтан 
да,    біз  қалайда  көбеюіміз  керек  деген  ойдың  маңызы  мен  өзектілігі  өте  зор. 
Көбеймесек  көсегеміз  көгермейді.  Санның  сапаға  айналмай  қоймайтынын 


әлемдік тәжірибе айқындаған. Не шықса да көптен шығады. «Көп қорқытады, 
терең батырады»  деп  қазақ бекер  айтпаған, деген ойы  әр отансүйгіш  азаматқа 
сүбелі міндет жүктейді. 
Олай болса халық санының өсуі мен өшуінің, яғни демографияның басты 
тетігі  -  табиғи  өсім.  Сондықтан  болса  керек,  Президент  Жолдауларында  осы 
мәселеге  арнайы  көңіл  бөлунуі.  Бұл  орайда  біршама  шаралар  қолға  алынып, 
дүниеге  келген  әрбір  балаға  бір  жылда  жәрдемақы  екі  жарым  есе  өсті.  1995-
1996  жж.  Қазақстанда  190-200  мың  бала  дүниеге  келетін.  Қазір  ол  көрсеткіш 
350 мыңға жетті. Табиғи өсу бар. Енді осы қарқыннан айырылмауымыз керек. 
Ең бастысы - жаһандану заманы екен, нарық заманы екен, қымбатшылық екен 
деп жүріп халқымызға ежелден тән балажандылық дәстүрін үзіп алмау. Әр бала 
өзінің  несібесін  ала  келеді.  «Бір  қозы  туса,  бір  түп  жусан  артық  шығады» 
дегенді қазақ тегін айтпаған. Көп балалы әр отбасы - Отанымыздың бір тірегі», 
- деп атап өткен кезінде Елбасы. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет