Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қ. ЖҰбанов атындағы ақТӨбе өҢірлік мемлекеттік


  ҚАЗАҚСТАН  ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА



Pdf көрінісі
бет7/105
Дата26.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#24406
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105
1.  ҚАЗАҚСТАН  ТӘУЕЛСІЗДІККЕ БАРАР ЖОЛДА: 
ДАМУ ФАЗАЛАРЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛЫС ИДЕЯЛАРЫ 
1.1. XIX-шы ғ. аяғы XX-шы ғ. басындағы Қазақстанның 
саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік ахуалы. 
 
XX-шы ғ. басында Ресей империясы құрамындағы Қазақстан үш губерния 
аясындағы  алты  аймақтан  тұрды:  Түркiстан  генерал-губернаторлығында  - 
Сырдария  және  Жетiсу  облыстары  (орталығы  Ташкент);  Дала  генерал-
губернаторлығында-  Ақмола,  Семей,  Орал,  Торғай  облыстары.  Бөкей  Ордасы 
Астрахань  губерниясының  құрамында,  ал  Маңқыстау  Закаспий  облысының 
құрамында  болды.  XIX  ғ.  аяғында  Бүкiлресейлiк  халық  санағы  бойынша 
Қазақстанда 4,2 млн. адам тұрды, олардың 81,7 пайызын қазақтар құраған. 1914 
жылға қарай өлке халқының жалпы саны 5,9 млн. адамға жетiп, олардың 65,1 
пайызын  қазақтар  құраған.  Халық  саны  көбеюiнiң,  бірақ  жергілікті  халықтың 
үлес  салмағының  азаюының  негiзгi  себебi  Ресей  үкемiтiнiң  арнайы  ұстанған 
отарлау саясатының бiр бағыты - Жетiсу, Торғай, Ақмола облыстарына славян 
халықтарын көшiруде болды.  
 
Жергiлiктi  халықтың  көпшiлiгi  ауылдарда  тұрып,  әдеттегiше  жартылай 
көшпелi  мал  шарушылығымен  айналысатын,  соның  iшiнде  мал  ұстаудың 
жайылымдық-жартылай  қолда  бағу  жүйесi,  егiншiлiкпен,  шөп  шабумен 
шұғылдану  тәсілi  болды.  XX-шы  ғасырдың  басында  да  ата-салт  бойынша 
қазақтар төрт түлiк мал (жылқы, түйе, қой, ешкi) өсiрдi. Осы кезде егiншiлiкпен 
айналысу кең тарап, 1897 жылғы мәлiметтер бойынша халықтың отырықшылық 
жағдайға  біртіндеп  көшуіне  байланысты  бұл  кәсiппен  айналысатындар 
арасындағы қазақтардың үлес салмағы 55 пайызға жетiптi.  
 
Егiншiлiк  Сырдария  облысының  Шымкент,  Әулиеата  уездерiнде  кең 
көлемде  жедел  қарқынмен  дамыды.  Бұл  өңiрдегi  әр  тұқым  себушi 
шаруашылыққа егiстiк орта есеппен 10,7 десятинадан келдi. Жетiсу облысының 
Қапал уезiнде 1910 ж. қазақ шарушылықтарының 81 пайызы, ал Верный уезiнде 
79,3  пайызы  егiншiлiкпен  айналысқан.  Қостанай  уезiнде  егiншiлiкпен 
айналысқан  жеке  қожалықтарының  88  пайызы  шұғылданса,  олар  әрбiр  тұқым 
себушi  шаруашылыққа  22,2  десятина  жерден  келетiн  барлығы  107,4  мың 
десятина егiстiкке тұқым сепкен. 
 
Жер өңдеушiлiк кәсiбiн дамытуда қоныс аударғандар елеулi рөл атқарды. 
Егiншiлiктiң 
жергілікті 
қазақтардың 
арасында 
тез 
тарауы, 
жаңа 
ауылшаруашылық  құралдары  мен  жер  өңдеу  тәсiлдерiн  меңгеру,  рыноктарға 
астық және малға жем өнімдерінің сұраныстарын, егiстiктерде бидайдың, арпа 
мен  сұлының  барған  сайын  көп  орын  алуына  себепкер  болды.  Күрiш,  бақша 
дақылдарының егiстiк алқаптары кеңейтiлдi. 
 
Бұрын-соңды  байқалмаған  тағы  бiр  ерекшелiк  -  XX-шы  ғасырдың 
басында  қазақ  жерiнде  қала  халқының  жүйелi  өсуi  байқалды.  Тек  бiрiншi  15-
жылдықта  қала  халқының  жалпы  саны  1,5-есе  өсiп:  Оралда  -  47,5  мың, 
Петропавл  мен  Верный  де  -  43,2  мың,  Семей  де  -  34,4  мыңға  жетiп,  олар  iрi 
қалалар  қатарына  қосылды.  Қалалардың  көпшiлiгi  әкiмшiлiк  орталықтары 


ретiнде бой көтеріп, тез арада сауда мен өңдеушi өнеркәсiптердiң орталығына 
айналды.  
 
Қазақстан  қалаларының  өзiндiк  әлеуметтiк-экономикалық  жағдайлардан 
туындаған бiрқатар ерекшелiктерi болды. Бiрiншiден, олар жалпы дүниежүзiлiк 
эволюция заңдылығымен ұштасады және сол процестiң нәтижелерiнде көрiнедi. 
Екiншiден, казіргі Қазақстан территориясындағы қалалардың пайда болуы мен 
өсуi  өлкенi  отарлаудың  тарихымен,  орыс-қазақ  саудасынының  ұлғаюының 
әсері.  Отарлаудың  нәтижесiнде  қазақ  өңiрiндегi  казақи  елдi  мекендердiң  саны 
осы  жылдары  30-дан  400-ге  дейiн  өскен.  Қалалардың  қалыптасу  процесiне 
Ресей  империясының  шеткi  аймақтарындағы  XIX-шы  ғасырдағы  саяси 
реформалар айрықша ықпал еткен. 
 
Реформалардан  кейiнгi  кезеңде  қалалардың  көбi  ұсақ  қалалар  санатына 
жатты.  Сырдария  облысында  ұсақ  қалалар  саны  барлық  қалалардың  71 
пайызын алды. XX-шы ғасырдың басында Қазақстан қалаларындағы халықтың 
саны төмендегiдей болған:  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет