208
енжар қарай алмайды деген ойды жеткізбек болған. Адам оларды
жақсы көреді, игеруге, иеленуге талпынады және осы сәтте олардың
тәуелсіз, объективті өмір сүретінін айқын сезінеді. Егер ол сүйетін,
өзіне қажет заттарына қол жеткізе алмаса, бұл оны мұңаюға, күйзелуге
жеткізеді. Бұл да ол заттардың тәуелсіз өмір сүретінін көрсетеді,
өйткені дәл қазір олар жоқ.
Өз заманының қоғамын философиялық көзқарас тұрғысынан
қарастыра келе, Фейербах христиан дінін қатаң сынға алады. Адам-
дарды «мұратқа сай басқа өмірге» бағыттай отырып, дін осы
дүниедегі жамандықты жоюға кедергі келтіреді, адамдардың өмір сүру
жағдайларын жақсартуға деген талпыныстарын тежейді.
Алайда қоғам үшін дін керек. Оның дәлелі, Фейербахтың ойын-
ша, – дәуірлер мен діндердің өзара байланысы. Тарихта жаңа дәуір
басталғанда, діни көзқарастар да өзгереді. Олай болса, болашақта
христиандықты да адамгершілік қағидаларын уағыздайтын дін
алмастыруға тиіс. адамды сүйетін дін осындай болуы керек. Ой-
шыл «адам адамға – Құдай» тезисін алға тартады. Діннің мәнін
Фейербах адам мәнінен шығарады (бұл К.Маркстің дінді сынға алу-
ына негіз болды). «Теология – бұл антропология», – деп жазды ойшыл
«Христиандықтың мәнінде».
Фейербах үшін дін – адам мәнін шеттету формасы, яғни шын
мәнінде адамға тиесілі белгі-қасиеттердің Құдайға телінуі.
Нақ осы көзқарас тұрғысынан ол: «Кімде-кім Гегель философиясы-
нан бас тартпаса, ол дін ілімінен де бас тартпайды», – деп, Гегельді
сынға алады. Бірақ Гегель идеализмін білген соң, Фейербах оның
ілімінің мықты жақтарын пайдаланбады, тіпті оның бүкіл философия-
сын тәрк етті деуге болады.
Философияның негізі, Фейербахтың пікірінше, адам болуға тиіс,
өйткені ол – табиғи «текті» тіршілік иесі.
Әлемді материалистік тұрғыдан қарай отырып, дегенмен ол
Достарыңызбен бөлісу: