ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет230/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   440
ішкі жан дүниесін – күйзелістер, рухани шарықтау және құлдырау 

әлемін  ұмытып  кеткен  замандастарын  жазғырады.  Дін  сатысына 

өтіп  қана  адам  оларды  өз  өмірінің  негізгі  мәселесіне  айналдыра  ала-

ды.  Бастапқыдан  күнәһар  тіршілік  иесі  ретінде  ол  өз  кінәсін  мойын-

дап және Құдаймен байланысқа түсіп қана өз-өзін таба алады. Ал бұл 

күйзелістерді бастан кешкенде ғана мүмкін болады.

Аталған  сатыны  көрсету  үшін,  Кьёркегор  Библиядағы  Ибраһим 

(Авраам)  бейнесіне  жүгінеді.  Ол  Құдайға  деген  сенімі  жолында  жал-

ғыз  сүйікті  ұлын  да  құрбандыққа  шалуға  әзір-тін.  Ойшыл  адамның 

өмір  сүруінің  этикалық  және  діни  сатылары  арасында  пайда  бола-

тын  қарама-қайшылықтарға  егжей-тегжейлі  талдау  жасайды.  Шын 

мәнінде,  этикалық  көзқарас  тұрғысынан  алғанда,  Ибраһимның  іс-

әрекеті  адамға  жат  және  қылмыстық  әрекет  болып  табылады.  Бұдан 

Сократ  пен  Ибраһим  арасындағы  шексіз  алшақтықты  көреміз.  Сок-

рат  моральдық  борышы  жолында  өз  өмірін  қиса,  ол  кезде  Ибраһим 

Құдай  еркін  орындау  үшін  жалғыз  ұлын  бауыздап,  жауапкершілік 

жүгін және күнәсін өзі арқалауға әзір. Осындай ерекше күшті қарама-

қайшылықтар  адамның  өмір  сүруіне  деген  тосын  пікірлерді  (пара-

докс) туғызады.

Сөйтіп,  «парадокс»  түсінігі  Кьёркегор  философиясының  өзегіне 

айналады.  парадокс  –  адамның  өмір  сүруінің  қайшылықтарынан 

келіп шығатын күйзелістер. Егер эстетикалық өмір салтының негізгі 

қағидасы – ләззат, этикалық өмір салтында басты ұстаным – борыш 

болса,  ал  діни  өмір  салтындағы  негізгісі  –  күйзеліс.  Адам  –  күйзелу 

үшін  жаралған  тіршілік  иесі.  Өмір  күйзелістерге  толы.  Өмір  сүру  – 

өмірді күйзеліспен, зардап шегумен өткізу деген сөз. Бірақ бұл мәселе, 

белгілі  болғандай,  философияның  бүкіл  тарихын  тізіп  өтеді.  Сон-

да  Кьёркегор  қойған  сұрақ  несімен  ерекше?  Оның  ойынша,  күйзеліс 

адамның  өмір  сүруі  барысындағы  қиындықтардан  ғана  шықпайды  – 

ол керек және қалаулы. Егер біз күйзелістің бар екенін ғана мойын-

дап қоймай, сонымен бірге оны сүйетін болсақ, онда бақытсыздықтан 

құтылып,  тіпті  бақытты  күй  кешуден  де  асып  кетеміз.  Олай  бол-

са,  адам  өз  өмірін  жеңілдетуге,  күйзелістерден  қашуға  ұмтылмай, 

керісінше, қиындықтарды көбейте түсіп, соларды аңсап тұруға тиіс. 

Сонда  ғана  бақытсыздық  пен  бақыт  арасындағы  қайшылықтарды 

жеңуге болады. Ойшыл осының бәрін де өзінің ащы тағдырында басы-

нан өткергендіктен, растай алады.




230

Кьёркегордың  бұл  идеяларының  бұл  дүниедегі  барлық  бақытсыз-

дықтар,  азап-күйзелістер  мен  әділетсіздіктер  адамның  бастапқыда 

Құдай  көрсеткен  жолдан  ауытқуына  байланысты  болады  деп  санай-

тын христиан дінінің қағидаларына қарама-қайшылығы айқын сезілді. 

Құдай  үйлесімді,  ғажап  және  мүлтіксіз  жетілген  әлемді  құрды.  Ал 

Кьёркегор  бойынша,  әлем  жамандық  пен  азаптарға,  күйзелістерге 

толы.  Алайда  адам  Құдайды  сынаудан  аулақ  болуға  тиіс.  Құдайға 

деген  сенім  күмәндануды  қажет  етпейді.  Сенім  –  парадокс.  Бұл 

адамның  жеке  таңдауы,  ерік  шешімі,  секіріс,  ғажаптық,  сандырақ. 

Шығармашылығында  ойшыл  Тертуллианның  ізімен  жүреді:  «Credo 

quia  absurdum  est»  («Сандырақ  болғасын  сенемін»).  Үйлену  тойы 

қарсаңында сүйікті қалыңдығы Регина Ольсеннен бас тартқан ол азап-

күйзелістерге толы бар өмірін өз ұстанымдарын іске асыруға арнады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет