7.2. «өмір философиясы» және оның негізгі түрлері
Философияның Шопенгауэр мен Кьёркегор әзірлеген классикалық
емес жаңа формаларының еуропалық философияның кейінгі дамуына
ықпалы айтарлықтай күшті болды. Нәтижесінде, «өмір философия-
сы» деген атқа ие болған тұтас бір бағыт пайда болды. Онда жарқын
өкілдері В.Дильтей мен Г.Зиммель болып табылатын шын мәніндегі
«өмір философиясын»; «шығармашылық даму философиясын»
(А.Бергсон); «ерік пен билік» философиясын (Ф.Ницше) ажыратуға
болады.
Бұл бағыттың ізбасарлары өмірді қалпына келтіру және ұғыну мә-
селесін қолдады. Олардың көзқарастары бойынша, логикаға негізделген
рационалдық дискурс, теориялық-танымдық сызбанұсқалар, эконо-
микалық, саяси, құқықтық және т.б. зерттеулер адамның ішкі жан
дүниесін жүдетіп, уайымға түсіріп, тыныштығын кетіреді. Сондықтан
Жаңа заман ағартушыларының қоршаған әлемді тану және өзгерту
негізінде адамның ақыл-есі жер бетінде бақытты өмір орната-
ды дейтін негізгі ұстанымы сол уақыттарда сынға ұшырай баста-
ды. Сол себепті «өмір философиясының» жақтаушылары болмыс
санатының орнына, бірінші орынға «өмір» түсінігін қояды. Егер бол-
мыс статикалық (орнықты) болса, онда өмір – бұл өне бойы қалыптасу,
өзгеру. Оны ұтымды таным арқылы беруге болмайды. Оған уайым,
біреудің қайғысын бөлісу, түйсік, сүйіспеншілік арқылы жетуге бо-
лады. Ф.Ницшенің айтқанына сенсек, болмыс деген мүлдем жоқ, шын
мәнінде өмір болып табылатын қалыптасу ғана бар.
231
Бұл бағыт аясында философтар өмірдің әртүрлі түсініктерін
берді: өмірдің табиғаттық-биологиялық түсінігін жақтаушылар оны
түйсікпен, өмір сүруге құлшынумен, ерік-жігермен теңестірсе, тари-
хи түсіндіру – өмірді адамның күйзелістеріне, тұлғаның нақты-тарихи
дәуір мәдениетімен байланысқан ішкі жан дүниесіне балайды. Панте-
изм
1
тұрғысынан өмір әлдебір ғарыштық, әр кезде өзінің әртүрлі фор-
маларын тудыратын әлеуетті күш ретінде түсіндіріледі.
«Өмір философиясының» алғашқы өкілдері – Вильгельм
Достарыңызбен бөлісу: |