ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


Дильтей  (1863-1911)  және  георг  зиммель



Pdf көрінісі
бет232/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   440
Дильтей  (1863-1911)  және  георг  зиммель  (1858-1918)  өмірді  ерік 

құлшыныстарына, сезімдік күйзелістерге, құмарлықтарға жатқызады. 

Олардың түсінігінше, өмір – ол тұрақты шығармашылық, өзгеріс. Ол 

бейберекеттікті  әлдебір  қалыптастырылған  тәртіпке  айналдырады. 

Өмір организмдік және, сонымен қатар организмдіктен жоғары тұрған 

формаларда  болады.  Егер  организмдер  деңгейінде  өмір  өліммен  шек-

телсе,  ал  организмнен  жоғары  тұрған  формалар  бір  немесе  басқа 

мәдениетті  құрады.  Шындық  (болмыс),  осы  көзқарас  тұрғысынан 

алғанда,  тұлға  күйзелістерінің  ағындары  арқылы  құрылған  «өмір 

тәжірибесі»  болып  табылады.  «Өмір  тәжірибесін»  толықтай  ойлау 

қызметіне  жатқызбаймыз,  ол  өзінің  терең  көрінуінде  иррационалдық 

болғандықтан, оның шектерінен асып кетеді. Сондықтан өмір қандай 

да  бір  жалпы  заңдылықтарға  бағынбайды,  оған  дербес,  қайталанбас 

нәрсе арқылы жетуге болады. Алайда оны зерттеп білу шығармашылық 

қасіретіне  әкеліп  соқтырады,  өйткені  өмір  өзінің  болуы  барысын-

да  нысанға  айналған,  яғни  заттандырылған  формаларымен  қарама-

қайшылыққа келеді.

Бұл қарама-қайшылықтарды шешу, Дильтейдің ойынша, зерттелетін 

уақыттың рухани ахуалына ену арқылы, яғни өзіңнің бар болмысыңмен 

сол не басқа дәуірдің қайталанбас хош иісін сезгенде ғана мүмкін бо-

лады.  Осы  жағдайда  ғана  тарихтағы  мәдениеттің  қайталанбас  және 

дербес  көрінісін  аша  аламыз.  «Рух  туралы  ғылымды»  танып  білудің 

осындай  әдістерін  ол  «герменевтика»  деп  атайды.  Автордың  бұл 

пікірлерінде үлкен мағына бар. 

Мысалы,  Платонның  еңбектерін  зерттей  отырып,  бүгінгі  күн 

биігінен қарағанда, екі мыңжылдықтан астам уақыттан кейін де қазіргі 

заманның  адамы  сол  замандағы  гректердің  қалай  өмір  сүргенін,  нені 

армандағанын,  неге  табынғанын  білмей  және  басқадай  өмір  салтына 

1

  Пантеизм  –  Құдайды  табиғатпен  біртұтас  деп  танитын,  табиғатты  құдіреттің  ісі  деп 



білетін философиялық ілім. 


232

терең  енбей,  оны  түсіне  алмайды.  Сонда  ғана  қазіргі  заман  өмірімен 

салыстыру  арқылы  антика  дәуірінің  ойшылы  шығармашылығының 

өміршеңдігін және қайталанбастығын ашуға болады.

«Өмір  философиясы»  аясында  француз  ойшылы  анри  бергсон 

(1859-1941) «шығармашылық даму» бағытын құрды.

Оның  көзқарасы  бойынша,  бастапқы  терең  болмысты  бүтін, 

толыққанды өмір ретінде елестетуге болады. Материя мен рухқа кел-

сек, олар бұл өмірдің қалдық көріністері болып табылады. Өмір – ол 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет