«Архетип» ұғымына Юнг мынадай түсініктеме береді: бұл – әлдебір
«байырғы бейне», онда «санадан тыс ұжымдық әрекеттің мазмұны
санада айқын көрсетілген бейімділік және орныққан пікір арқылы
берілген». Көбінесе жеке адамға олар сыртқы факторлармен байланыс-
ты болып көрінеді, ал олар «жанның санадан тыс құрылымынан» бола-
ды. «Санадан тыс ұжымдық әрекеттің» бұл үстемдігі тәжірибелерден
бұрын болған және объективтік деректерден жоғары тұр.
«Санадан тыс ұжымдық әрекет» – ол айнада бейнеленген-
дей психикалық әлем, миллион жыл болғандай сана. Ондай сана
бір мезгілде қазіргі және нағыз болмысы бар заттың пайда болу-
ын да, жоғалуын да, сондай-ақ ол пайда болғанға дейінгіні және ол
жоғалғаннан кейін де бола беретіннің бәрін көрді.
Архетип нәтижесінде, Юнгтің пікірінше, тәжірибеден бұрын, сана-
дан тыс рухтың бар негіздерін мұра етуі себепті халықтың психикалық
өмірінде тиісті тип (тұрпат) туады.
Юнг енгізген екінші бір ұғым – «психологиялық тұрпаттар». Юнг
оларды психикалық қызметтеріне қарай: интроверт және экстраверт
деп ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: |