ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет304/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   440
Ұстаздың,  Оқытушының  білім  беру  үдерісіндегі  шешуші  рөлі. 

бірде-бір  техникалық  құрал  Оқытушы  тұлғасын  ауыстыра  ал-

майды. Бұл – білім беру жүйесінің негізі. Сол себепті оқытушылық 

қызметтің мәртебесін көтеру арқылы ғана елдегі білім беру жүйесін 

ары қарай дамытып, жақсартуға болады.



1.4. ғылыми таным әдістері

Әлемдік  тарихтың  бастамасында,  сана-сезімі  оянған  кезден-ақ, 

адам  өзін  қалған  әлемнен  бөлектей  бастады  және  сонымен  бірге 

табиғаттағы әрбір заттың ерекше дара тіршілік ететінін байқады. Бұл 

бастапқы  тәжірибе  заттардың,  табиғат  құбылыстарының  атауында 

бекіп,  ерекше,  дара  ретінде  қаралатын  болды.  Өзінің  бөлек  тіршілік 

етуін  түйсінумен  қатар,  тамақ,  баспана,  қорғаныс  іздеу  және  ол 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру  барысында  адам  қоршаған  әлемдегі 

заттармен өзінің байланыстылығын көрді, қоршаған ортадағы жеке-

леген заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты байқай бастады.

Алғашында ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдаланған 

заттар  оған  ғажап,  қайталанбас,  бұрын  ешқашан  кездеспеген  заттар 

болып  көрінді.  Ол  заттар  оның  қажеттіліктерін  өтейтін  болған  соң, 

олар  оның  санасында  сақталатын  болды.  Алайда  ары  қарай  ол  сол 



қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алатын  басқа  да  заттарды  байқап, 

соларды  пайдалана  бастады.  Мысалы,  шие,  өрік,  алма,  таңқурай  – 

олардың  барлығы  да  жеуге  жарамды,  демек,  адам  осы  жемістердің 

барлығына  тән  ортақ  сапалар  мен  қасиеттерді  табады.  Әртүрлі,  мы-

салы,  «жидек»  немесе  «жеміс»  сияқты  заттардың  ортақ  қасиеттерін 

білдіретін  ұғымдар  пайда  болады.  Сөйтіп,  тікелей  бақылау  арқылы 

ерте  заман  адамының  қоршаған  әлемдегі  заттар  мен  құбылыстарды 

игеру-меңгеруі орын алады да, ақыр соңында, ғылым бастауларының 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   300   301   302   303   304   305   306   307   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет