ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



Pdf көрінісі
бет312/440
Дата07.01.2022
өлшемі2,22 Mb.
#17066
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   440
сан жағын өлшейді.

Адамның  сезу  органдарының  күш-қуатын  арттыратын  бірінші 

аспаптар, өз кезегінде, үш топқа: 1. күшейткіштер; 2. талдағыштар; 

3. түрлендіргіштер деп бөлінеді.

Күшейткіштер  адамның  сезу  органдары  зерттелуші  нысаннан 

келетін  ақпаратты  қабылдауға  қабілетсіз  болған  жағдайларда  пайда-

ланылады. Ол кезде аспаптардың көрсеткіштері зерттелуші нысанның 

(микроскоп,  телескоп,  дыбыс  күшейткіштер  және  т.б.)  табиғатын 

айқын, парапар көрсетуге тиіс.

Талдағыштар  зерттелетін  нысанның  қасиеттерін,  құрылымдық 

қосымша  құрамдас  бөлшектерін  ашуға  қабілетті.  Мысалы, 

спектроскоптың  көмегімен  зерттеліп  жатқан  дененің  химиялық 

құрылымын анықтауға болады, өйткені жазық бетте (пластинка) алу-

ан түрлі химиялық элементтерге сәйкес келетін әртүрлі ұзындықтағы 

спектрлер  бейнеленіп  шығады.  Алынған  нәтижені  стандартты  спек-

тограммамен  салыстыра  отырып,  заттектің  химиялық  құрамын 

анықтауға болады.



Түрлендіргіштер.  Сөздің  кең  мағынасында  кез  келген  аспаптарды 

түрлендіргіштер  деп  атауға  болады,  өйткені  олар  алынған  ақпаратты 

түрленген  түрінде  адамның  сезу  органдарына  жеткізеді.  Мысалы, 

қарапайым көзәйнек оған түскен жарық арқылы адам жай көзбен әрең-

әрең  ажырататын  заттардың  сұлбасын  кішірейтіп  немесе  үлкейтіп, 

адам көзінің қарашығына солай жеткізеді. Бұл жерде, шамасы, сөз сан 

жағынан  түрлендіру  туралы  болсе  керек,  сапа  жағынан  түрлендіру 

мұнда  жоқ.  Сөздің  тар  мағынасында  түрлендіргіштер  деп  адамның 

сезуі қабылдауға қабілетсіз ақпаратты түрлендірілген түрінде беретін 

аспаптарды (радиотолқындар, электр-магниттік өрістер, ультрадыбыс-

тар, метагалактикалар, жасуша құрылымы және т.б.) түсіну керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   440




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет