әлемнің біршама бүтін механистік бейнесі И.Ньютонның күш-
жігер салуымен құрылды. Оны ол «Табиғи философияның матема-
тикалық бастаулары» деп аталатын еңбегінде негіздеді. Өз зерттеу-
лерінде ол «Hypoteses non fingo» («Ғылыми болжамдар ойлап тап-
паймын») ұстанымына сүйеніп, сол арқылы Р.Декарттың әдістемелік
қағидаларына қарсы шықты. Егер Р.Декарт тудырған әлем бейне-
сінің негізінде ғылыми болжамдар жатса, онда И.Ньютонның
негіздемелерінде тәжірибелік жолмен негізделген тұжырымдар жатты.
Сөйтіп, XVIII ғасырда әлемнің механистік бейнесі толық қалыптасып
болды және оны ғылыми қауымдастық таныды.
Сол заманның ғалымдарына әлемнің механистік бейнесі табиғаттың
барлық құпияларын ашқандай көрінді. Көзі тірісінде-ақ И.Ньютон өз
ұлылығының даңқын көрді. Көпшілік адамдар әлем жүйесін бір рет
қана құруға болатынын айтты, ал оны И.Ньютон істеді. Алайда ондай
асыра бағалау өз-өзін ақтамады. Табиғаттың кейбір құбылыстарын
әлемнің механистік бейнесінің үлгілері негізінде түсіндіру мүмкін
болмады. Мысалы: «Кеңістікте жылу қалай таралады?» – деген сұрақ
туды. Бұл құбылысты түсіндіру үшін, жылутегі (сутегі, көміртегі деген
сияқты. – Аудармашы) ұғымы енгізілді. Жылутегі құсап, түпнегіздер –
электрлік үлкен магниттік құбылыстар танылды.
Алайда арылаған сайын ғылымда әлемнің механистік бейнесін
қанағат тұтпау байқала бастады, өйткені жаңадан ашылған
жаңалықтарды, әсіресе XIX ғасырдың ортасына қарай жылу
динамикасының қарқынды дамуына байланысты соның шектерінде
түсіндіру қиын болды.
Жаңадан ашылған жаңалықтардың ішінде доктор Р.Майердің энер-
Достарыңызбен бөлісу: |